Алматылық 12жастағы вундеркинд бала латын әліпбиінің жаңа нұсқасын жасап шықты
Алматыда тұратын вундеркинд Абзал Мырзаш латын әліпбиінің жаңа нұсқасын жасап шықты.
12 жасына қарамастан, Қазақ- Британ Техникалық Университетінің 1-курсында оқитын студент өз еңбегін президент әкімшілігіне жіберіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтынан жауап та алды. Баланың дайындаған әліпбиі көпшіліктің көңілінен шығып жатыр, деп хабарлайды 31 арна.
12 жасында мектеп бітірген жасөспірім қазір ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша білім алып жатыр. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білетін Абзал еліміздің латын графикасына өтуі өте маңызды деп, әліпбидің өз нұсқасын жасап шығыпты.
“Латын алфавитінде диграфтарды қолдануды қарастырдым. Диграф жасау үшін тек қана латын әліпбиіндегі «h» әріпін қолдандым. Дегенмен ол «h» әріпі басқа бір дыбыс ретінде, бөлек дыбыс ретінде қарастырылмайды”, – дейді Абзал.
Осылайша Абзал өзге тілдерде кездеспейтін қазақтың 9 төл әріпінің бесеуін диграфпен, ал қалған төртеуін 1 әріп бір дыбыс түрінде белгілеген. Сондай-ақ, қазақ әліпбиіндегі өзге ұлттармен ортақ «Ж» және «Ш» әріптерін, әрі орыс тілінен енген 5 дыбысты да диграфпен көрсетіпті. Тек қазақтың «ащы, тұщы» сөздерінде кездесетін «щ» әрпін триграфпен белгілеп, жуандық және жіңішкелік ретіндегі екі таңбаға апострофты колданған.
“Осы халықаралық терминдерді жазуда латын әріпімен ешқандай кедергісіз, ешқандай қиындықсыз жазуға болады. Мен осыны халық көрсе екен, кеңінен таратылса, халық көбірек біліп, өз пікірлерін айтса екен деген ойдамын”, – дейді Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов.
Абзалдың нұсқасын әкесі әлеуметтік желіге салып, халықтың талқылауына ұсынған екен. Талапты баланың еңбегі көпшілік тарапынан да қолдау тауыпты. Ал жасөспірім екі жарым жылда университет бітіріп, АҚШ-та магистратура мен доктарантурада оқуды жоспарлап отыр.