» » » БҰЛ НҰСҚА БҰРЫНҒЫЛАРДАН ЫҢҒАЙЛЫ

БҰЛ НҰСҚА БҰРЫНҒЫЛАРДАН ЫҢҒАЙЛЫ


19 ақпанда Елбасы Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды. Осыған байланысты облыс әкімдігінің баспасөз орталығында мамандар брифинг өткізді.

Филология ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры Жеңіс Сәдуақасұлы халықтың сын-пікірлері ескеріле отырып жасалған үшінші нұсқаның алдыңғы екеуге қарағанда әлдеқайда тиімді екенін айтты.
– Президенттің өзінің бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізуі оңайлықпен жүзеге асатын шаруа емес. Осының өзі Елбасының халықтың пікіріне немқұрайлы қарамайтынын, тіл жанашырлары мен зиялы қауымға құрметін көрсетеді. Сондықтан осы нұсқаның қолданысқа енуіне бүкіл халық болып атсалысуымыз тиіс, – деді Ж.Сәдуақасұлы.
Бұл әліпби бұрынғы жобасына қарағанда біршама ықшамдалған. Апостроф белгілер жазуға ыңғайла дикретикаларға ауыстырылған. Жаңа әліпби қазақ тілін дамытудағы бастама екенін ескерген филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов:
– Әліпбиде әріптер саны аз болған сайын мінсіз бола түседі. Мысалы, латын графикасында 26 әріп болса, соны өзгеріссіз толық игерген – тек ағылшындар. Ағылшын тілінің кең ауқымда қолданылатын себебі сол, – деді.
Облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаеваның айтуынша, бұл нұсқа әлі де өзгертілуі мүмкін екенін жеткізді.
– Жұмысшы топ шілде айына дейін емле ережелерін жасау кезінде кей тұстарды өзгертуі әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі нұсқаға да көз үйрете берген жөн, – деді орталық басшысы.

Назерке САНИЯЗОВА, 
«Сыр бойы».

21 ақпан 2018 ж. 980 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930