» » Мен өмірді сүйемін!

Мен өмірді сүйемін!

«Өмір- сенің жарқылдайтын аспаның, өмір- сенің сарқылмайтын дастаның» демекші, өмір барлығымызға бір- ақ рет берілетін қымбат сый.  Әрине, саған осы баға жетпес сыйды сыйлаған қымбат адамдарың ол- ата-анаң.  Қамшының сабындай қысқа ғана өмірді мәнді де мағыналы өткізу өзіміздің қолымызда. Адамдар, негізінен бұл өмірге келген қонақ.Соны түсіне білген жан өмірдің шын рахатын сезінеді. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік танытып, адамгершілік қасиеттерімізді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы болсын десек, ел болып жат әдеттерден арылудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық.
 Оқушыларға өмірдің мәнін, құндылығын түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 29 қараша күні  № 116 орта мектеп базасында арнайы мамандардың қатысуымен «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді. Семинарды  мектеп директоры Н. Бақбергенов ашып беріп, алғы сөзін айтты. Семинарға  Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық аурухана психологы Әйтімбет Самал, емхана акушер- гинекологы Аманжолова Рәйла, Ақсу ауылдық амбулаториялық емханасының акушер маманы Басанова Мира қатысты.
  Мектеп психологтары Байғанаева Райкүл мен Асқарбай Гүлнұр 8 сынып оқушыларына «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында  тренинг өткізді. Тренинг мақсаты- оқушылардың өмірге деген құштарлықтары мен қызығушылықтарын  ояту, өзін және өзгені де құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылар тренингке белсенді түрде қатысып, қызығушылық таныта білді. Сабақ соңында тренингтен алған әсерлері туралы пікірлерімен алмасты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Әбдиев
8-11 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп қабырғасында ұялы телефон, смартфон пайдалануды қатаң шектеу мәселелері бойынша кездесу жиналыс өткізді.
7- 11 сынып қыз балалар арасында   «Қыз бала тәрбиесі- ұлт болашағы» тақырыбындағы кездесу жиналыс өткізілді. Мақсаты- қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу, мейірімділік, қамқорлық және ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Кездесу барысында амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық аурухана акушер- гинекологы Аманжолова Рәйла  қыз бала тәрбиесі жайлы лекциялар оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақсу ауылдық амбулаториялық емханасының акушер маманы Басанова Мира қыздарға жеке бас тазалығы туралы кеңестерін айтып, сырласуға шақырды. Оқушылардың ойын тыңдап, сұрақтар қойды. Пікірлер алмаса білді.
Гүлнұр Асқарбай,
№ 116 орта мектеп педагог- психологы.
04 желтоқсан 2018 ж. 1 833 2

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 03:33
Retin A Propecia levitra vardenafil 20mg Real Isotretinoin Drugs Shipped Ups Want To Buy Cheap Levitra

Гость Jeaplause от 14 наурыз 2019 01:49
Acheter Vrai Tadalis Sx En Ligne Viagra Pfizer France cialis without a doctor's prescription How To Buy Stendra Buy Lasix Online No Rx

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930