Мен өмірді қалаймын!
«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА»
Өмір - мектеп, өмір - кітап. Себебі, шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап біздің ешнәрседен хабарымыз болмайды. Бәрін өмірден үйренеміз. Бізге ата-анамыздан бастап өмірімізде кездескен адамдардың барлығы - біздің мұғаліміміз. Жақсыны да жаманды да айналадағылардан көреміз, үйренеміз.
Уақыт көшіне ілескен осынау «қиын» заманда неше түрлі жағдайлар, зұлымдықтар орын алуда. Дәлірек айтсам, бүкіл әлемді жайлаған нашақорлық, есірткіге деген әуесқойлық күн сайын тамырын тереңге жайып, дендеп барады.Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Бұл есірткі морфин , героин,кардини сияқты шөптерден жасалады. Иран ,Қытай сияқты елдерде есірткі сатқан адамдарға өлім жазасы бұйырылады екен.Менің ойымша, бұл өте дұрыс.Болашақта да біздің елімізге осындай заң орнатса, тіптен жақсы болар еді .Неге есірткіні қолдануға болмайды деген сұрақтар сізді мазаласа жауабын берейін.Бұл- емі жоқ дерт. Осы кішкене ғана шөпті қолданып түбегейлі өміріңді өзгертесің.Жақсы жаққа деп ойлама .Өміріңді тозаққа айналдырасың .Есірткіге жолама,жетелейді молаға деген сөз осыдан шыққан Әрі қарай сен де бақытты болуға мүмкіндік жоқ деген мағынада Қанекей,ағайын бұл затты өмірден,мына әлемнен жойып жіберейік. Қажеті не осы заттың .Менің сіздерге қатты жаным ашиды .Денсаулығымызды жақсартып,салауатты өмір салтын ұстанайық.Кезінде ата- бабамыз ат жарысып,бәйге,көкпар ойнап жарысқан .Дәл осы батырларымыз сияқты мықты күшті ,шымыр болуға тырысайық.Әрине, мен әлі кішкентаймын,білемін.Бірақ біз сияқты ұрпақтарға ақылшы көке-ағаларымызға айтар бір ауыз сөзім бар: Ағаларым,көкелерім ешқашан наша шекпеңіздерші.Сіздерге қарап мына келешек ұрпақ не істемек?.Бәріміз спортпен айналысып, бақытты өмір таңдайық .Осы жерде мына өлең жолдарыммен бөліссем: Өмір - мектеп, өмір - кітап. Себебі, шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап біздің ешнәрседен хабарымыз болмайды. Бәрін өмірден үйренеміз. Бізге ата-анамыздан бастап өмірімізде кездескен адамдардың барлығы - біздің мұғаліміміз. Жақсыны да жаманды да айналадағылардан көреміз, үйренеміз.
Еліміз біраз істі ойға алып тұр,
Демеспіз ел көңілі жайланып тұр.
Нашақорлық бұл күнде жегі құрртай,
Ғаламның шын дертіне айналып тұр.
Жақсылығың жалғасар көп болса екен.
Отыз елдің кіргенше қатарына,
Мұндай індет жоғалып,жоқ болса екен.
Өмір- кітап, себебі біздің өміріміздің әрбір өткен шағы -сол кітаптың бір беті. Өмір, тіршілік -бізге берілген сый, оны бағалап әрбір күнімізді қуана қарсы алып, жақсы өткізуіміз керек. Сол үшін де мен өмірді қалаймын,сүйемін!. Барлығымыз нашадан аулақ болайық!
Жасмина Батырхан,
Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің
6 «А» сынып оқушысы.