Есірткі тасығаныны үшін бостандығынан айырылды
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы Алматы қаласынан Қызылорда қаласына бағыт алған жолаушылар автобусын тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Басқармаға берілген жедел ақпарат расқа шықты. Есірткі тасымалдайды деген күдікті Қызылорда облысының 45 жасар жұмыссыз азаматы болған. Тінту кезінде одан полиэтилен пакетіне салынған ұнтақ табылған. Сараптама оның 2,71 грамм героин екенін анықтады.
Күдікті Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
Пікір 3