Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаев президенттен сыйлық алды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы ақын, артистер мен сценарийшілерге берілді.
Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін сыйлық берілді.
«Абай» операсын орындағаны үшін авторлар ұжымы Төлеубек Әлпиев, Алан Бөрібаев, Сүндет Байғожин, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушылар марапатталды.
«Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін Ақан Сатаев, Әлия Назарбаева, Тимур Жақсылықов, Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов сыйлыққа лайық деп танылды.
Сонымен қатар Ақын Ақұштап Бақтыгерееваға «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін, ақын Өтеген Оралбаевқа «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін мемлекеттік сыйлық берілді.
Stan.kz