ҚАНША УАҚЫТ ҰЙЫҚТАУ КЕРЕК?
Тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек? Ересек адамдарға тәулігіне 8 сағат ұйқы қажет. Көпшіліктерімізге үш 8 туралы ереже секілді белгілі; 8 сағат жұмыс үшін, 8 сағат демалыс, 8 сағат ұйқы үшін.
Шыныменен көпшілік адамдар 8 сағаттық ұйқыға әдеттенген. Ерекшеліктері де бар. Мысалыға; Наполеон 5 сағаттық ұйқыны жөн санаған, Эйнштейн болса 12 сағат ұйықтайтын болған, Леонардо Да Винчи 4 сағат сайын 15 минуттан ұйықтаған екен. Тәулігіне 1,5 сағат ұйқыны қанағат тұтқан.Негізінде ұйқының жетіспеушілігі ағзаның қорғаныс күшін азайтып, жүйке жүйесінің жұмысын бұзып, ашуланшақтық, зейінсіздік, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ұйқы қанбауы гипертонияны, диабеттің 2 түрін, ұйқысыздықты, меңіреу жағдайды, артық салмақ қосуды тудырады.
Тым көп ұйықтауда зиян. Зерттеулерге қарағанда, күніне 7 сағаттан артық ұйықтайтындар ерте қайтыс болатын адамдар санатына кіреді дейді.
Ұйқы қанбау немесе тым көп ұйықтау суицидтік бейімдердің пайда болуына әкеледі. Өзін өлімге жығатындар көпшілігі ұйқыға қатысты проблемаға шалдыққандар болады дейді зерттеушілер.
Көптеген зерттеушілер өз ағзаларыңыздың талабына құлақ асуы керек дейді. 5 сағаттық ұйқы барысында сергек сезінсеңіздер, онда 5 сағат қана ұйықтасаңыздар болады, керісінше де солай. Сіздің ағзаңыз осындай ұзақтылықты талап етеді деген сөз.
http://reactor.inform.kz
Пікір 2