» » Инстаграм мен фейсбуксыз өмір

Инстаграм мен фейсбуксыз өмір


Осыдан екі апта бұрын бауырым маған уатсапқа "The Social Media Detox"( https://www.youtube.com/watch?v=AXInjuTkjoM) видеосын жіберді. Онда 30 күн бойы әлеуметтік желілерсіз өмір сүріп, тәжірибе жасап көру туралы айтады. Видеоны дұрыс көрмедім, бірақ тәжірибені жасап көруге бел будым.   Инстаграм мен Фейсбуктың қосымшаларын смартфонымнан өшірдім. ФБні тіпті деактивацияладым, бірақ кейін жұмыс бойынша бір нәрсе істеу керек болғандықтан қостым. Дегенмен қазір браузерімде "лог аут" режимінде тұр, әрі оған кейін кірмедім.   Басында ол екеуі де қажет, оларда пайдалы ақпарат бар ғой деген ойлар келлді. Оған қоса әлеуметтік желіде өзінді көрсету керкек, маман ретінде жеке бренд қалыптастыру қажет және т.б.   Міне екі апта өтті. Нәтижелер жайлы блогқа жазайын деп, сол  видеоны қайта қарасам, онда бір жігіт өзінің тәжірибеден кейінгі әсерін айтады. Ағылшынды жақсы білмесем де оны аздап түсініп, әсерлеріміздің ұқсас екендігін абайқадым.    Менің осы күнге дейін алған әсерім:   Продуктивілік көбейді. Жұмыстан, айналысып жатқан нәрседен ойынды бөлмейсін, концентрация жақсарды. Жұмыстағы үзіліс кезінде инста мен Фбны ашу орнына миымды тынықтыратын болдым. Менің заңгерлік жұмысымда бұл өте маңызды.   Басын ақпараттық қоқысқа айналмайды. Бір күнде алған ақпараттың саны күрт азайып, өзіне қажеттіні ғана аласын. Басынды жеңіл сезінесін) Бұл да концентрацияның күшейуіне септігін тигізді.   Уақыт пайдалы нәрселерге  жұмысалады. Әлеуметтік желіні қолданбағанмен смартфон үнемі қолымда. Пайдалы подкасттар, мамандығыма қатысты семинар, конференциялардың видеоларын көремін, пайдалы мақала оқимын.   Өмірді сезінесін. Нақты қалай сипаттайтының білмеймін, бірақ өмірді одан қатты сезінетін болдым.   Кейде ютубта пайдалы видеоларды көріп отырып мүлдем пайдасыз контентке басым бұрып кетеді. Бұл нәпсімнің инста мен Фбдан бас қалған орының толтыруы деп білеммін. Енді сонымен күресу керек.   Әлеуметтік желілер қажет, оған дау жоқ. Оны дұрыс қолдана білу керек. Қазір инстагармды жүргізу үшін smm планерді қолданайын ба деп жүрмін. Мүмкін болашақта әлеуметтік желілерге күніне жарты сағаттай уақыт бөліп отыратын шығармын. Ал, әзірге әлеуметтік желілердің қыры жоқ аланың шарлауға құлқым жоқ. Бекжан бауырыма сол үшін рақмет!)

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/25156/
16 желтоқсан 2018 ж. 652 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930