» » Ақылдылар ойынының білгірі

Ақылдылар ойынының білгірі


Шахматтан ерлер арасындағы облыс біріншілігінде жерлесіміз Ақәділ Пазылбеков жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Бұған дейін де талай мәрте жеңіс тұғырынан көрініп жүрген ол осылайша биылғы жылды жақсы нәтижемен қорытындылады.
Бұл ойынның басқа спорт түрінен ерекшелігі көп. Біріншіден, ой тактикасын қажет етсе, екіншіден тез шешім қабылдауға үйретеді. Ойыншылардың сөзінше шахмат ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әралуан нұсқаны жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі екен. Бұл ойын Ақәділді де осынысымен қызықтырыпты.
– Спорттың түрі көп. Соның ішінде осы спортты таңдадым. Негізінен шахмат ойнауды оқушы кезімде үйрендім. Ал, жарыстарға студент кезімнен бастап қатысып келемін. Алдағы мақсатым ауданнан шахмат үйірмесін ашып, жастарға осы ойынның қыр-сырын үйретіп, біліктілігін ұштасам деймін. Бұл әзірге уақыт еншісінде, – дейді шахматшы.
Айта кетейік, жоғарыда айтылған облыс біріншілігі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Оған барлығы 44 спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Жарыста І және ІІІ орынды Қызылорда қаласының спортшылары еншілепті. Бұл дегеніміз, жалағаштық шахматшы ақылдылар ойыныңда аудандар арасында бірінші тұр деген сөз.
Ақәділ Пазылбеков – Тәуелсіздіктің төл құрдасы, кент орталығындағы №201 мектеп-лицейінің түлегі. Спорт пен білімді қатар алып жүрген ол мектепті тәмамдаған соң Алматығады академияға оқуға түсті. Кейін, мамандығы бойынша алып шаһарда қалып, темір жол саласында жұмыс жасады. Ірі мегаполисте жүріп, тәжірибесін шындаған ол қазір өңірдегі темір жол бекетінде су машинисті болып еңбек етіп келеді.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

22 желтоқсан 2018 ж. 894 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930