» ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

Дүбірлі додаларда топ жарып, аудан мерейін асырып жүрген жастар қатары аз емес. Олардың ішінде есімін ерекше атап өтуге тұрарлық, қарымы мықты қарулы қыздар да бар. Мұны Мәдениет ауылындағы аудандық №14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Арайлым Қанзада тағы да дәлелдеді.

Қырғызстанда ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойыны өткені белгілі. Оған 80-нен астам елдің 3000-ға жуық спортшысы қатысты. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 34 спорт түрінен, 134 спортшы қорғады. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 72 медальмен ІІ орынға жайғасты. Қоржында 18 алтын, 24 күміс, 30 қола бар. Осы ойында Қазақстан Құрамасының сапында жерлесіміз Арайлым Қанзада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ол белбеу күресінен (Алыш) 65 келі салмақта бақ сынап, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Айта кетейік, Арайлым екі дүркін дзюдодан Қазақстан чемпионы, белбеу күресінің чемпионы, Павлодар, Ақтөбе облыстарында өткен жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирлердің төрт дүркін жеңімпазы, сондай-ақ, Ресейдің Тверь қаласында өткен чемпионатта, Индиядағы Азия чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен бірге, өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен белбеу күресінен жастар арасындағы ел чемпионатында І орын иеленген, спорт шебері.
Бүгінде Арайлым алдағы уақытта Татарстанда өтетін әлем біріншілігіне дайындығын бастап кетті.

Н.АЛМАС.
---
11 қыркүйек 2018 ж. 1 318 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 439

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930