» » ЖАС СПОРТШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ЖАС СПОРТШЫНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жуырда аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев дзюдо, самбодан Қазақстанның 3 дүркін жеңімпазы, самбо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының күміс медаль иегері, жерлесіміз Арайлым Оразбайды қабылдады.
№13 Жалағаш ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттыққан Арайлым Бақытқызы облыс, рес­публика көлемінде өткен түрлі байрақты бәсекелерде жеңімпаз атанды. Ал жуырда Моңғолия республикасының астанасы – Улан Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.
– Самбо, дзюдо күресі бойынша түрлі жарыстарда бақ сынап жүрмін. Азия чемпионатында Қазақстанның атынан шығып, көк байрағымызды Моңғолия төрінде желбіреттім. Бұл жеңісімнің барлығы бапкерлерімнің жемісі деп білемін. Алдағы уақытта да Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Қазіргі таңда дайындықты одан әрі пысықтап, жаттығып жүрмін, – дейді Арайлым Бақытқызы.
Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ауданның ғана емес, бүкіл қазақ елін шет елдерге паш еткен жерлесіміздің ерлігін жас буынға үлгі ете отырып, жас палуанға және бапкеріне ерекше ризашылық білдірді. Арайлымның алар асуы әлі алда екендігін айтқан аудан басшысы спортта жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.
– Спорт адам бойына жақсы қасиеттер қалыптастырып, сабырлы болуға үндейді. Жас ұрпақтың ойын сергітіп, қиялын ұштайтыны, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелейтіні белгілі. Тәуелсіз еліміздің болашағы да осындай жастардың қолында. Ендеше, алдағы уақытта да мақсат-мұратыңыз жақсылықтарға жетелеп, абыройыңыз асқақтай берсін, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, Арайлым 8 жасында аталған спорт мектебіне қабылданды. Міне, тынымсыз еңбек пен үздіксіз жаттығудың нәтижесінде Қазақстанның 3 дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, үш жыл қатарынан Азия чемпионатында олжа алды.
Жерлесіміз осы жылдың қыркүйек айында Грузия мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына да жолдама алды. Қазіргі кезде қызу дайындыққа кірісіп кетті. Білім мен спортты қатар алып жүрген жерлесіміздің әрбір жетістігі аудан мерейі, ел абыройы екендігін айтқан аудан басшысы жас чемпионды «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-сияпат көрсетті.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).

22 мамыр 2018 ж. 1 113 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930