Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды
Албанияның Дуррес қаласында өткен әлем чемпионатында қызылордалық шахматшы Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.
Назерке швейцариялық жүйені классикалық түрде жеңіп, 9 турда 8 ұпай жинады. Ол елдегі шахматтың дамуына баға жетпес үлес қосқан ең үздіктердің бірі. Назерке Нұрғали 2004 жылы 7 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бүгінде әлем чемпионы атанған жасөспірім қазір Т. Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейде 9 сыныпта оқиды. Назерке шахматпен алты жастан бастап айналысқан. Ол №1 Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Сырдың тумасы еліміздің 9 дүркін чемпионы. Ал мастер ФИДЕ-де 2014-2015, 2017-2018 Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жүрген Назерке 2016 жылы шахматтың рапид түрінен Азия чемпионы атанып, классикада күміс жүлдені иемденді. Өткен жылы Назерке Румынияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені еншілесе, ал биыл «алтын» жеңіп алды.
«Менің шәкіртімді болашақта маңызды жарыстар күтіп тұр. Атап айтқанда, ол тамыз айында Моңғолиядағы Азия, қыркүйек айында Түркиядағы Әлем чемпионатына қатысады. Бұл жолы ол 20 жасқа дейінгі қыздармен бәсекеге түседі», – дейді оның жаттықтырушысы Василий Шмелков.
Айта кетейік, әлем кубогына әлемнің 40-тан астам елінен 420 жасөспірім қатысты. Осы жарыстарда Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.
http://stan.kz

Пікір 2