» » Қазақстандықтар алған жалақысының жартысын азық-түлік алуға жұмсайды

Қазақстандықтар алған жалақысының жартысын азық-түлік алуға жұмсайды

Қазақстандықтар жалақысының 40 пайызына азық-түлік сатып алады. Бұл көрсеткіш бойынша біз өзіміз жиі салыстыратын Ресейдің алдында тұр екенбіз. Арнайы зерттеу жүргізген сарапшылар осындай байламға келіп отыр.


ÒазаÒÑÑандÑÒÑаÑдÑÒ£ алÒан жалаÒÑÑÑнÑÒ£ жаÑÑÑÑÑн азÑÒ-ÑүлÑк алÑÒа жұмÑайдÑ

Ал Еуропа елдері болса ай сайын тапқан-таянғанының ары кеткенде 12 процентін іжіп-жемге жұмсайды екен. Бұл нені білдіреді? Біздің ел тұрғындарының қалтасы қалыңдағанының белгісі ме, әлде күнделікті тұтынатын тауардың бағасы қымбаттағанының көрінісі ме? Бұл туралыЕуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл заманда ішіп-жемге кететін ақшаға қарап та әр елдің тұрмыс деңгейін анықтауға болады. “РИА Рейтинг” агентігі Еуропаның 40 елі мен бұрынғы Кеңес одағының шекпеніне шыққан елдерге зерттеу жүргізіп, мынаны анықтаған. Сонымен… Азық-түлікке посткеңестік елдердің ең көп қаражат жұмсайтыны анықталды. Нақтырақ айтсақ, көш басында тұрғындары жалақысының 50 пайызға жуығын тамаққа жаратанын Украина тұр. Екінші орында Қазақстан. Зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандықтар еңбек ақысының 40 пайызына азық-түлік алатыны анықталды. Рейтингтің үштігін теріскейдегі көршіміз Ресей түйіндеп тұр. Бұл елдің халқы тапқан-таянғанының 31 пайызына ішіп-жем алады екен. Сарапшылардың зерттеу нәтижесі шыға салысымен базарға бас сұқтық. Халықтың қарасы көп. Кей тұрғындардың пікірі “думандатып той-тойлап, қазы-қарта жеп қымыз сапыратын хәлде емеспіз” дегенге саяды.

«Біз айына шамамен 60 мыңдай кетеді тамаққа. Етіміз бар, күнделікті сүтіміз бар. Нанымыз бар. Кішкентай балаларымыз бар. Жалпы айына кетіп қалады әжіптеуір. Айлығымыздың 50 пайызы кетеді. Сәл арзанын қараймыз.

Сапасына қараймыз. Жан-жақты үнемдейміз» – дейді қала тұрғыны Әсия Өтенова.

«Мысалы бір помидор алатын болсаң, 650 тг, алма алатын болсаң 500-600 тг. Біз концерт анау-мынауға бара алмаймыз. Уақытымыздың бәрін жұмысқа жұмсаймыз. Мен екінші сорттарымен араластырып аламын. Жылқының еті 1800-1900 қымбаттау, сиырдың еті 1600-1700 қымбаттау. Біз енді қазақпыз ғой, ет жейміз. Қыста ет жемесен, иммунитет түсіп кетеді. Әшейін овощи бізге тамақ болмайды» – дейді қала тұрғыны Фатима Машхенова. Базарда сауданың толастамайтыны белгілі. Ал сатушылар жұртпен күнде тығыз араласқандықтан, оларлың тұрмыс-тіршілігін жағдайына қарай бағамдай алатын көрінеді.

«Жұрттар көп қазір ондай қалта көтермей қалды ғой. Онша алмайды бір 3000-ға, 2000-ға ғана алады. Олай көп-көптен алмайды қазір. Қалта көтермейді ғой. Әркім қалтасына қарайды, кейбіреуілер көп алады, кейбірі аз. Қонақ келгенде алмаса, былай балалар үшін арзандау алады» – дейді сатушы Рая Акиева.

Ал, әлеуметтанушы мамандардың пікірінше, бұл жерде тиынның екі жағы бар. Бірі -қазақстандықтардың ысырапшылдыққа жол беруі. Яғни, ішіп-жемнің қымбатына құлшынуы. Екінші жағынан жұрттың қалтасын базардағы бағаның мың құбылуы қағады екен. «Жалпы айтқанда, мәселенің шындығына келетін болсақ, Үкіметте барлық әлеуметтік жақсылықтарды түрлі әлеуметтік бағдарлама арқылы болсын, үкіметтік бағдарлама арқылы болсын халыққа жасап жатыр ғой қазір. Соның өзінде отбасылық бюджетпенен нарықтағы азық-түліктің құнының екеуінің арасындағы қайшылық көбеймесе азаймай тұр» – дейді әлеуметтанушы Қамажан Жұмақасова.

Жалақысының денін азық-түлікке жұмсайтын Сіз бен біз үшін бір ғана мысал. Еуропа елдері табысының 20 пайызына ішіп-жемге жқмсаса, ол тұрмыс деңгейінің нащар екенін білдіреді. Экономист Жанарыс Райымбеков бұл статистиканы растап отыр. «Халықтың табыс деңгейі 8-10 пайызға өсіп, 36 пайызды құрап отыр. Ал табыс шығыны 31 пайыз. Яғни, тұтыну дейгейі халықтың 4-5 пайызға төмендеп отыр. Бұл нені білдіреді? Бұл халықтың тұрмыс жағдайының төмендегенін көрсетеді» – дейді экономист Жанарыс Райымбеков.

Тұрғындардың тапқан-таянғаны тамағынан аспайтын болса, басқасына тіпті қаражатының жетпейтіні белгілі. «Мәдени демалыс, отбасымен қыдыру сияқты дүниелер тіптен қалыс қалады» дейді сарапшы мамандар. Сондықтан осы бір ғана статистика арқылы ауқымды проблеманы менмұндалап тұр.

Stan.kz 
24 желтоқсан 2018 ж. 592 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930