» » Жас мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын әзіл арқылы жеткізді

Жас мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын әзіл арқылы жеткізді



Қызылордада «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жайдарман ойыны өтті.

Ең бастысы, ойынға қатысушылардың барлығы 29 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметшілер. Ойынға облыс, қала, барлық аудан әкімдіктерінен және облыстық соттар әкімшісі мен төтенше жағдайлар департаментінен, барлығы 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткен көңілді тапқырлардың сайысына қоғамның жегі құрты - сыбайлас жемқорлық тақырыбы арқау болды. Ойынға қатысушылардың айтуы бойынша, сахнадағы әзілдері арқылы өз замандастарын, әріптестерін, өскелең жас буынды сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу, оған мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
«Сәлемдесу» және «Үй тапсырмасы» секілді 2 кезеңнен тұратын қызықты да тартысты өткен ойында І-орынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Құтқарушылар» командасы иеленсе, ІІ-орын Жалағаш ауданы әкімдігінің «Б корпусы» командасына және ІІІ-орын Қызылорда облысы әкімдігінің «Акимат микс» командасына берілді.
«Үздік ойыншы» номинациясына «Құтқарушылар» командасының ойыншысы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Кенжебек Кеңесов лайық деп танылды.
Сайыс жеңімпаздары облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аталмыш жайдарман ойыны – «9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай облыста жарияланған арнайы айлық аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың бірі.
24 желтоқсан 2018 ж. 1 023 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031