» » » ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

Бейсенбіде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мемлекеттік қызметшілер арасында өткен көңілді тапқырлар сайы­сында жүлделі ІІ орынды иеленген аудан әкімдігінің «Б» корпусы» командасын қабылдады.
Аудан басшысы жайдарманшыларды ­же­ңі­сімен құттықтап, жаңа жетістіктерге же­ту­леріне тілек білдірді. Мемлекеттік қыз­мет­тегі жалағаштық жастар сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді. Әр кез жұмысқа жауапты, жүктелген міндетке тиянақтылықпен қарайтын олар өнерде шекара жоқ екенін тағы бір дәлелдеді. Аудан абыройын асқақтатып, дүйім жұттың алдында жүлделі орыннан көрінді.
Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті мен Қызылорда КВН филиалының ұйым­дастыруымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбындағы жас мемлекеттік қызмет­керлердің арасында көңілді тапқырлар сайы­сына аймақтан 11 команда қатысқан болатын. Нәтижесінде, жалағаштық «Б» корпус» командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.

Н.ЖАНҰЛЫ.
22 желтоқсан 2018 ж. 1 389 0