» » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Жалағаш ауданы әкімдігімен бірлесе отырып аудан орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов пен Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев сөз алып, ұйымдастырылып отырған жәрмеңкелердің маңыздылығына тоқталды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қатар, аудан тұрғындарына 8 жұмыс берушіден 10 жұмыс орны ұсынылды. Басым көпшілігі – білім саласында. Сондай-ақ, еліміздің солтүстік өңірлеріне 300-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2 адам қоғамдық негізде, 3 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жолданды.
Сонымен қатар, Мәдениет және өнерді дамыту орталығында мемлекеттік орган басшылары, бюджеттік сала басшыларының қатысуымен аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Онда Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев аудандық мемлекеттік органдарда "жасырын сатып алушы" тәсілімен жүргізілген қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктер туралы баяндап, Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов факторлы-баллды шкала негізіндегі мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі туралы хабарлама жасады.
16 қыркүйек 2018 ж. 1 261 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930