» » КӨШУГЕ НИЕТ БОЛСА, ЖҰМЫС ДАЙЫН!

КӨШУГЕ НИЕТ БОЛСА, ЖҰМЫС ДАЙЫН!

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар өңірінен келген делегация бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары А.Рамазанова, Мамлют ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Могунова, Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы К.Бекбаева, Жамбыл ауданы, Озерное ауылдық округінің әкімі М.Дәрменов, сондай-ақ, ауыл әкімдері, мекеме, бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысынан әртүрлі сала бойынша 92 жұмыс берушіден 1162 бос жұмыс орны және Павлодар облысынан 240 жұмыс берушіден 628 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Рүстем Ержанов солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасылар жұмысқа орналасып, тұрғын үйге де қол жеткізе алатындықтарын айтып, қалаған кәсіптерін ашуға да мүмкіндік бар екендігін жеткізді. Сонымен бірге, солтүстік өңірлерден келген делегация тұрғындарға қажетті мағлұматтар беріп, көрсетілетін жеңілдіктерден хабардар етті.
Айта кетейік, бұл бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеуге қаржылай көмек беріледі. Мемлекет тарапынан жасалған мұндай мол мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін ауылдағы ағайындар қолайлы жұмыс табылса, қоныс аударуға ниетті екендіктерін де жасырмады. Нәтижесінде, қоныс аударуға 15 адам өтініш білдірді.
Жәрмеңке соңында кент ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Біржан Көштаев сөз сөйлеп, солтүстік өңірлерінен келген делегацияға алғыс білдірді.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Махамбет АХМЕТОВ (сурет).


13 наурыз 2018 ж. 1 041 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930