ТАҒАЙЫНДАУ Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 1 ақпандағы өкімімен Ержанов Рүстем Дастанұлы Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.Р.Д.Ержанов 1981 жылы 28 қараша күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі, заңгер, экономика бакалавры.Еңбек жолын 2003 жылы Жалағаш ауданы әкімінің аппаратында жетекші маман болып бастаған. 2004-2010 жылдары Жалағаш ауданы әкімінің аппаратында төтенше жағдайлар жөнінде бас маман, бас инспектор.2010-2011 жылдары Жалағаш кенті әкімінің орынбасары.2011-2017 жылдары Жалағаш аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Жалағаш ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған. Жаңалықтар 03 ақпан 2018 ж. 1 243 0