» » Спортшы қазасы: Оқиға орнында болған куәгер Денистің құлағанын, екі күдіктінің қашқанын көрген

Спортшы қазасы: Оқиға орнында болған куәгер Денистің құлағанын, екі күдіктінің қашқанын көрген

Денис Тенге қатысты сот отырысында жол-патрульдік полиция қызметкеті Адалбай Сержан Асқарұлы жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz сот залынан.

СпоÑÑÑÑ ÒазаÑÑ: ÐÒиÒа оÑнÑнда болÒан кÑÓÐ³ÐµÑ ÐениÑÑÑÒ£ ÒұлаÒанÑн, ÐµÐºÑ ÐºÒ¯Ð´ÑкÑÑнÑÒ£ ÒаÑÒанÑн көÑген


“Мен Құрманғазы мен Байсейітова көшесінің қиылысында төбелес болғанын, пышақ жарақаты болғаны туралы хабар алдым. Ол кезде Құрманғазы мен Мұқанов көшесінің қиылысында болдым. 10 минутта оқиға орнына келдім. Взвод командирі оқиға орнына жиналған адамдарды алшақтатуға бұйрық берді. Бұйрықты орындадым. Кейін жедел жәрдемді күтіп ал деді. Жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. Зардап шегушіні 12-қалалық ауруханаға апаратындарын айтты. Осыдан соң оқиға орнында жатқан сөмкеден көлік айнасын таптық. Командир сол маңдағы көліктерді тексеруді сұрады. Құрманғазы бойымен тексере келді “Лексус” көлігінің айнасыз тұрғанын көрдім”, – дейді Адалбай Сержан Асқарұлы.

Айтуынша, оқиға орнындағы балалар алаңындағы куәгерлердің бәрі бұл уақытта ол жерден кетіп қалған. Тек көлікте отырған бір ғана куәгердің жеке мәліметтерін жазып алған. Ол азиат нәсілді екі күдіктінің қашқанын айтқан. Оның бірі қара киім киген, кепкада болған. Бірі ақ футболкамен жүрген.

“Куәгер бастапқыда оқиғаның қылмыспен аяқталатынын білмепті. Балалар өзара қалжыңдасып ойнап жатыр деп ойлаған. Нақты кімнің Денисті пышақтағанын көрмеген. Денис есінен танып құлағанда ғана қылмыс болғанын түсінген”, – дейді полицей.

Сержан Асқарұлы осыдан соң оқиға орнына келген тергеушілерге барлық мәліметтерді тапсырған.

Stan.kz 
08 қаңтар 2019 ж. 477 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031