» » Қарағандыда мейрамхана маңындағы адам өлімі: Күдіктінің қайда жасырынғаны белгілі болды

Қарағандыда мейрамхана маңындағы адам өлімі: Күдіктінің қайда жасырынғаны белгілі болды

Қарағандыда болған атышулы төбелестен кейін қашып кетіп, адам өлтірді деп күдіктеліп отырған Нарек Гурурян қазіргі уақытта Ресейде болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.

ÒаÑаÒандÑда мейÑамÑана маңÑндаÒÑ Ð°Ð´Ð°Ð¼ өлÑмÑ: ÐүдÑкÑÑнÑÒ£ Òайда жаÑÑÑÑнÒÐ°Ð½Ñ Ð±ÐµÐ»Ð³ÑÐ»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ

Ер адам 1 қаңтарда сағат 22:00-де Павлодар облысындағы шекара бекеті арқылы шекараны кесіп өткен. Бұл істің мән-жайын ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов айтты.

«Қазіргі уақытта сот санкциясымен 8 адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Бастапқы шұғыл-тергеу шараларының нәтижесінде Гурурянның шекараны кесіп өткені анықталды. Ресей Федерациясының аумағына шұғыл-тергеу тобы жіберілді. Екі топ жұмыс істеп жатыр. Арменияға да шұғыл-тергеу тобы жіберіліп отыр», – дейді Сүлейменов.

Еске сала кетсек, 1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Төбелес салдарынан мейрамхана маңында 23 жастағы жігіт көз жұмды.

Оқиғадан кейін Нарек Гурурян қашып кетіп, оған республикалық іздеу жарияланған еді. Артынша ер адам желіде видео жариялап, Қазақстанға берілуге дайын екенін, алайда адам өлтірмегенін айтты.

Қарағанды облыстық прокуратурасы екі топтың арасындағы төбелес пен адам өлімі спирттік ішімді ішу және ұрыс салдарынан болғанын айтты.

Stan.kz 
08 қаңтар 2019 ж. 528 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930