» » Теннің өліміне күдікті Қиясов: Қалай жазаласа да көнемін

Теннің өліміне күдікті Қиясов: Қалай жазаласа да көнемін

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов кез-келген жазаны тартуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.

ÐÒ±ÑÐ°Ð»Ñ ÒиÑÑов: Òалай жазалаÑа да көнемÑн


Өз сөзінде Қиясов өз әрекеті үшін кешірім сұрап, адам өлтіруді ойламағанын жеткізді.

«Мен сотқа қатысушылардан кешірім сұраймын. Үлкен қателік жасадым. Мұндай болғанын қаламаған едім. Өмірі қанға жоламаған ем. Оксана ханымнан кешірім сұраймын. Ол кісіге қалай ауыр болып жүргенін білемін. Қалай жазаласа да көнемін», – дейді ол.

Айта кетсек, бүгінгі сот отырысында Нұралы Қиясов қайғылы жағдай орын алған күні не болғанын айтып беріп, кінәсін мойындады.

Сот төрағасы Қиясовтың сөзі Құдайбергенов пен Толыбаеваның жауабына, тергеу мәліметтеріне қайшы екенін айтып, неліктен шындықты айтпай отырғанын сұрады. Бұған дейін Қиясов өз жауабын бірнеше рет өзгерткен еді. Бастапқыда ол Денисті Құдайбергеновтің пышақтағанын айтқан. Артынша кінәні өз мойнына алды.

Stan.kz 
14 қаңтар 2019 ж. 475 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930