2019 жылы Рамазан айы қашан болады?
Рамазан – бойымызды күнәдан тазартатын, мейірімділік пен кешірімнің айы. Бұл уақытта ислам дінін ұстанатын барлық халық дәстүрлі түрде таң атқаннан күн батқанға дейін өзін тамақтан тияды. Бүгін Stan.kzақпараттық агенттігі сіздерге 2019 жылы Разаман айының қашан басталатыны жайлы, оның кейбір дәстүрі мен ерекшеліктері туралы мәлімет ұсынады.
Рамазан күнтізбедегі 9-шы ай. Бұл уақытта мұсылмандар ораза ұстап, теріс ойлардан арылып, рухани тұрғыда толығымен тазаруға тырысады. 2019 жылы Рамазан 6 мамырдан 4 маусымға дейін жалғасады. Исламның діни күнтізбесіне сәйкес, барлық нақты күндерді анықтауға болады. Бірақ, оның григориан күнтізбесімен көп жері сәйкес келмейді, сондықтан әр ел үшін өзінің ережесі болады.
Хижра күнтізбесінде, тәуліктің түнгі 12-ден басталмайтынын, ал күн көкжиек сызығына батқаннан кейін басталатынын атап өткен жөн. Атап айтқанда, 2019 жылы ауызашар 6 мамырда кешке басталады.
Жыл сайын барлық мұсылмандар Рамазан айында ораза тұтып, өз дәстүрлерін ұстанып келеді. Рамазан күнтізбедегі 9-шы айдың құрметіне аталған. Бұл кезеңде мұсылмандар ауыз бекітіп, ораза ұстауға тырысады. Және ол кезде олар тек тамақ пен сусындардан ғана бас тартып қоймай, сондай-ақ басқа нәрселерден де ләззат алуын тоқтатады.
Қасиетті уақыт жыл сайын келсе де, Рамазанның басталуы әрдайым 1 айға созылмайды. Ай жылы күнге қарағанда біршама қысқа, сондықтан мереке алдыңғы жылға қарағанда 10-11 күн ерте келеді. Сондай-ақ, жыл сайын Бас имам қай күннен бастап ораза ұстайтынымызды айтады. Яғни, 2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбіде басталады.
Stan.kz
Пікір 2