» » Жігіттер қазір қыздың ақшасына қарайды: Жасы келген қыздар неліктен тұрмыс құрмай жүр

Жігіттер қазір қыздың ақшасына қарайды: Жасы келген қыздар неліктен тұрмыс құрмай жүр

Елімізде оң босағада отырып қалған кәрі қыздар мен үйленуге еш асықпайтын сұрбойдақтардың қатары артқан. Осыған орай қоғамда бәріне қаракөздердің өздері кәнәлі деген ой қалыптасқан.



Бар жауапкершілік нәзік жандылардың мойына артылуда. Ал сұрбойдақтардың еш міндеті жоқ тәрізді. Халық арасында тараған стериотипке қатысты арулардың жауабы қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Кәрі қыз синдромы». Дер кезінде тұрмыс құрмаған әрбір бойжеткенге қарата айтылатын 
осы тіркес, уақыт өте санаға сіңімді болып кетті.
Тіпті, оң босағада отырып қалған қыздарды айыптап, бәр кінәні солардың мойнына артатындардың қарасы көбейген. Ал жігіттердің сұрбойдақ болып жүруі, отбасындағы міндеттері жайлы көп ешкім тіс жара бермейді. Сандарды тізіп, сөйлетіп көрейік.

«Орта есеппен алғанда қыздар 24 жастан тұрмысқа шыға бастайды. Ал жігіттер жағы 28-ден кейін үйлену жайлы ойланады екен. Соның салдарынан отбасын құратын жасқа жеткен қаракөздеріміздің 28 пайызы, ал ер азаматтардың 40 пайызы әлі күнге бойдақ екен».

Осылайша елімізде кәрі қыздардың қатары көбейіп, сұрбойдақтардың саны артқан. Десе де жігіттерден гөрі нәзік жандарды тоқпақтағанды жақсы көретін біздің қоғам үшін бәріне де кінәлі арулар болып қала беретін тәрізді.
«Менің ойымша, жаңа заманның құрбаны болатын қыздар. Неге десеңіздер, олар дереу оқу бітіре салып, оқуды жалғастыру, ақша табу мансап жасауға кірісіп кетеді да, ал енді отбасының қамын ойлауға некелесуге кеш оралады» – дейді әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы.

Елордалық Әлия Мақсұтова біраз жасқа келсе де әлі күнге дейін тұрмыс құрмаған. Алайда өмірін білім мен жұмысқа арнаған оның қоғамда қалыптасқан стериотиппен мүлдем келіскісі жоқ. «Ешкім мақсатты түрде шыңырақ көтеруден қашпайды. Оған ер-азаматтардың өздері себепкер»,- дейді ол. Өйткені…

«Қазіргі ер азаматтар қандай? Болашақ жарын іздегенде махаббатқа емес, оның дәулетіне қарайтын дәрежеге жеткен. Бәрі дайын болса екен деп қалайды. Жігіттердің көбі жеңіл ақшаның соңынан түскен. Менің де уақытылы тұрмысқа шықпағанымның басты себептердің бірі осы» – дейді қала тұрғыны Әлия Мақсұтова.

«Кәрі қыз» деген кім? Осы тіркестің мәніне үңіліп көрейік. Бүгінде ол жасы 25-тен асқан, әлі тұрмысқа шықпаған аруларға қатысты айтылады. Тіпті, қазіргі таңда жігіт 23-ке дейін отау құрмаса, ал бойжеткен 25-ке дейін босаға аттамаса оларды жақшаның ішінде”қылмыскерлер” деп санау керек деген қағытпа әңгімелер айтыла бастады. Бұған мамандар не дейді?

«Қыз балаларда өте табыскер, іскер қыздың имеджі қалыптасқан кезде біз оны бірден кінәлап тастаймыз. Мынаны қарашы, мынау әйел сияқты үйде отырмай ма? Ер адамдардың арасында еркектің тірлігін істеп… Міне көрдіңіз ба? Біздегі қоғамдағы жыныстық 
әртүрлі айырмашылықтар, дифферинцация осы жерден көрінеді. Қыздарды да кінәлайтынымыз да сол» – дейді психолог Жаңагүл Тұрманова.

Ал әлеуметтанушы Назымгүл Әлбітова кінәнің бәрін қаракөздерден іздеу дұрыс емес, жігіттердің де бұл жағдайға қатысы бар дейді. Яғни, мұнда материалдық жағдай екінші қатарда, мәселе ер азаматтардың жауапкершіліктен жалтарып қашуында екен.

«Бізде бір стериотип бар қалыптасқан, ер балалар үйленгеннен кейін, әйел адамды толығымен отбасын қамтамасыз етіп отыру керек материалдық жағынан деген. Дегенмен күнде қазіргі экономикалық өзгерістерге байланысты, ер балалардың қолынан келе бермейді. Сондықтан жаңағыдай ер балалар үй мәселесі тағы басқа мәселеге қарай үйленейін десе, жағдайым жоқ деп кешеуілдетіп жібереді» – дейді әлеуметтанушы Назымгүл Әлбітова.

Осылайша, талғамына сай жар таңдаймын деп жүріп, оң босағанда отырып қалған бойжеткнедердің қатары биыл 700 мыңнан, ал жігіттердің саны 300 мыңнан асып жығылыпты. Теңін таппаған жандардың мұншама көбеюіне көбіне тұрмыстық түйткіл себеп дейді мамандар. Олар, алдымен материалдық жағдайымды жасап, ешкімге тәуелді болмаймын деп жүріп уақыттың қалай зырғып өткенін байқамай да қалады екен.

Stan.kz 
15 қаңтар 2019 ж. 598 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031