» » Енді қазақстандықтар үш күнде некелесе алатын болады

Енді қазақстандықтар үш күнде некелесе алатын болады

Қазіргі уақытта некені тіркеу мерзімі бір айдан үш күнге дейін қысқартуды қарастырған заң жобасы дайындалуда. Бұл туралы үкімет отырысында ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп жазады NUR.KZ тілшісі.

nevestam.by
Министрдің сөзінше, қазір қазақстандықтардың 64 пайызы ғаламторға смартфон арқылы қосылады. Сондықтан негізгі бағыт m-gov қосымшасын дамыту болып отыр. Қосымшаны 1,3 миллион азамат пайдаланады. 2018 жылы m-gov арқылы 3,6 миллион қызмет көрсетілген.

Дегенмен ақпарат және коммуникация министрі сервисте смартфон арқылы тек 80 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетінін баса айтып өтті. Осы тұрғыда министрлік мобилді және веб-нұсқаны синхрондау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар нормативті-құқықтық базаны жетілдіру аясында 43 заң мен 10 кодекске 500 түзету енгізетін заң жобасы әзірленген. Бұл заң жобасы 121 мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыруға бағытталған.

"Мысалы, некені тіркеу қызметін оңтайландыру жоспарланған. Бұл некені рәсімдеу мерзімін бір айдан үш жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Салық төлеушілер артық төлеген сомаларды автоматты түрде қайтару қарастырылған.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бір ғана нормативті акт арқылы реттеуге мүмкіндік беретін түзетулер қарастырылған. Жалпы 3,5 мың стандарт пен уақыт тәртібі өзгертіледі", - деп мәлімдеді Дәурен Абаев.


15 қаңтар 2019 ж. 489 1

Гость Jeaplause от 25 ақпан 2019 02:35
Viagra Cialis Levitra Generique generic cialis overnight delivery Buy Buspirone Online U.K

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930