» » Қазақстан азаматтары саусақ ізімен мемқызмет ала алады

Қазақстан азаматтары саусақ ізімен мемқызмет ала алады


Бұл базаны қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдалануға болады. 


ÒазаÒÑÑан азамаÑÑаÑÑ ÑаÑÑÐ°Ò ÑзÑмен мемÒÑÐ·Ð¼ÐµÑ Ð°Ð»Ð° аладÑ


ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен алу тетігі 2019 жылдың қыркүйегінде толықтай іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

"Мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін біз қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмін іске қостық. Енді азаматтар қызметті бет-бейнесі немесе саусақ іздерінің көмегімен ала алады, соның арқасында электронды цифрлық қолтаңба қолдану немесе жеке куәлікті ұсыну қажеттілігі жоғалады", - деді ол. Оның айтуынша, бұл базаны қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдалануға болады.

"Бұндағы артықшылықтар келесідей: Азаматтардың жеке деректерінің қорғалуының күшеюі; өз бетінше алынатын қызметтер санының артуы; қызметтерді алу кезінде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмау", - деді А.Оспанов. Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, ілкі жоба 2018 жылғы 12 желтоқсанынан бастап Астана және Алматы қалаларында іске қосылған. "Ал толықтай биыл қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарлануда", - деді ол.

ERNUR.KZ


15 қаңтар 2019 ж. 426 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031