» » Қазақстанда 1 қаңтардан бастап тіркелмеген ұялы телефондар неліктен өшірілмеді?

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап тіркелмеген ұялы телефондар неліктен өшірілмеді?

ÒазаÒÑÑанда 1 ÒаңÑаÑдан баÑÑап ÑÑÑкелмеген Ò±ÑÐ»Ñ ÑелеÑÐ¾Ð½Ð´Ð°Ñ Ð½ÐµÐ»ÑкÑен Ó©ÑÑÑÑлмедÑ?

Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондарға қатысты ескерту жасалғанымен, тұрғындардың ұялы байланысы өшірілмеді. ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мұның себебін түсіндірді.

Заң бойынша, ұялы байланысы арқылы жұмыс істейтін телефондар мен басқа да құрылғылардың иелері операторға өзінің ЖСН нөмірін (егер жеке тұлға болса) немес бизнес-сәйкестендіру нөмірін (заңды тұлға) айтуы тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.
Өз сөзінде Абаев ұялы құрылғыларды тіркеу процесі қалай жүргізілетінін айтты.
«Біздің өшіргенімізді сұрап отырсыздар ма? Бұл жұмыс бүгінде тіркелмеген адамдарға қатысты үнемі жүргізіліп жатыр. Барлық байланыс операторымен жұмыс жүргізілуде. Біздің қолайсыздық тудырғымыз келмейді, керісінше, адамдардың телефонды қолданғанын қалаймыз», – дейді министр.
Қазіргі уақытта абоненттер ұсынған мәліметті салыстырып тексеру процесі жүргізіліп жатыр. Бұл процесс аяқталған бойда шешім қабылданады, дейді ол.
Сонымен қатар министр Қазақстан аумағындағы интернет қолжетімділігі мәселелеріне қатысты пікір білдірді. Ол «үнемі істемейтін интернет туралы хабарламаның» жалғаны екенін атап өтті.
«Мерзімді түрде техникалық себептер болып тұрады. Біздің тараптан мұндай ақау жоқ. Министрлік үнемі бұл мәселемен айналысады. Біз жекелеген өңірлердегі, қалалардағы әр оператордың байланыс сапасын тексеріп отырамыз», – дейді ведомство басшысы.
Өз сөзінде Абаев министрлік Желінің жұмысына ешқандай кедергі жасап отырмағанын айтты.

Stan.kz



15 қаңтар 2019 ж. 728 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 23:35
Acquistare Levitra On Line Actoplus cialis from canada Propecia Seguridad Social

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 02:27
Comprar Cialis 40 Mg cialis overnight shipping from usa Cialis 20mg Online Apotheke Priligy Buy Uk

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031