» » Сақ болыңыздар: Қазақстандықтар алаяқтардың жаңа түрі жайлы ескертті

Сақ болыңыздар: Қазақстандықтар алаяқтардың жаңа түрі жайлы ескертті

"ÐÓÑеÑге кÑÑедÑ, каÑÑадан аÒÑа аладÑ": ÒазаÒÑÑандÑÒÑÐ°Ñ Ð°Ð»Ð°ÑÒÑаÑдÑÒ£ жаңа ÑÒ¯ÑÑ Ð¶Ð°Ð¹Ð»Ñ ÐµÑкеÑÑÑÑ

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрімен айналысатын қылмыскерлер пайда болған. Жеңіл пайданы көздейтіндер осы уақытқа дейін ел тұрғындарын алдап үлгерген көрінеді. Алаяқтарды бірден таныған Шолпан Есмұхамбетова қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.


Қазақстандық Шолпан Есмұхамбетоваға әлдекімдер хабарласып, энергетикалық сервистен екендерін айтқан. Алаяқтар электр сымдар жүйесін тексеретіндерін айтып, пәтерге кіргізуін сұраған. Бір қызығы, тура осындай мәселемен бір апта бұрын әйелдің көршісіне қоңырау түскен. Тұрғындар пәтер иелерінің кооперативіне хабарласып, мән-жайды білмек болғанда ешқандай да тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ екенін анықтапты.
“Олардың алаяқ екенін, пәтерге кіргізбеу керектігін айтты. Қазір алаяқтарға арнайы бір уақытты белгілеп, сол уақытқа полиция шақырмағаныма өкініп отырмын. Олар біздің үйге кіре алмады. Бірақ түсінгенім бойынша, олардың қолында үй тұрғындары жайлы мәлімет пен телефон нөмірлер бар”, – дейді Шолпан Есмұхамбетова.

Тағы бір тұрғын Динара Мұқашева алаяқтардың “жаңа түрі” туралы ескертті. Айтуынша, жеңіл ақшаны көздейтіндер бүгінде танымал хабарламалар сайты OLX қолданушыларына да жеткен.

“Кеше бір затты сататыным туралы бір хабарлама қалдырдым. Бүгін хабарлама бойынша бір кісі хабарласты. Өзі адам босаңсып жататын уақытта, түн жарымда звондады. Әйел басқа қалада тұратынын айтып, қажетті сомманың 90 пайызын картаға аударуға дайын екенін жеткізді. Әрине, оған таңғалдым. Бірақ тауар аса қымбат болмағандықтан, қатты алғысы кеп тұрған шығар деп те топшыладым”, – дейді әйел.
Бұдан кейін хабарлама авторы сатып алушыға картаның номерін берген.

“Менде банкинг бар ма деп сұрады. Бар дедім. Ақшаның түскенін көріп, скрин жіберемін. Бірақ әлгі әйелге керегі ол емес. Бір кезде маған құпия сөзді қалыпқа келтіру кодымен Халық банктен смс келді. Сол сәтте әлгі әйел хабарласып: – Сізге хабарлама келді, алғаныңызды растауыңыз керек. Маған кодты айтыңыз, мен сізге бірден жібермін, – деді. Кодтың не қатысы бар, сізге керегі менің карта номерім ғана дедім. Ол қандай да бір корреспондеттік шот туралы айтып кетті”, – дейді Динара Мұқашева.

Ааляқ әйел дегеніне жету үшін уақыты аз екенін, құпия кодты 30 секунд ішінде енгізіп үлгеруі керектігін де айтқан. Алаяқты бірден сезген Мұқашева оның айтқанына көнбей, тұтқаны қоя салған. Бұдан кейін банкке хабарласып, әлгі әйел айтқан шот жайлы білмек болған. Мән-жайды сұрағанда, банктегілер ондай операцияның барын жоққа шығарып, алаяқтардан сақ болуды ескертіпті.

Stan.kz
17 қаңтар 2019 ж. 545 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930