» » Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы Путиннен көмек сұрап хат жазды

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы Путиннен көмек сұрап хат жазды

ÐÓÑкеÑде көз жұмÒан ТомиÑÐ¸Ñ ÐайÑаÑанÑÒ£ анаÑÑ ÐÑÑиннен көмек ÑÒ±Ñап ÑÐ°Ñ Ð¶Ð°Ð·Ð´Ñ

Мәскеудегі МХҚИ ғимаратының терезесінен құлап кетіп мерт болған Томирис Байсафаның анасы Ресей президентіне хат жазды. Ол қызының өліміне қатысты тергеудің ұзаққа созылып кетуіне байланысты Владимир Путиннен көмек сұрады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қызының кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдей алмай жүрген Жанна Ахметова оның өліміне кінәлілер жазадан сытылып кетеді ме деп қорқып отыр.
«Жаңа сараптама тағайындалды. Қазір жаңа куәгерлерден жауап алынып жатыр. Олар университеттің студенттері мен оқытушылары. Тергеу ақпанға дейін созылды. Тағы да созылуы да ғажап емес. Себебі, ауқымды тергеу жұмысы атқарылды айта алмаймын. Ресейдің бас прокуратурасы істі бақылауға алдық деп жауап жазған еді. Тергеуде полиграф құрылғысын қолдануға рұқсат берілді», – дейді марқұмның анасы.
Ахметова өтірікті әшкерелейтін құрылғыдан үміттеніп отырғанын айтты. Себебі ресейлік тергеушілер оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктелген Мұртазалы Меджидовты детектордың көмегімен тексеріп жатыр екен.
Томирис Байсафаның анасының айтуынша, қызымен жақын дос болғандардан да полиграф арқылы жауап алынатын болады.
Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.


Stan.kz

18 қаңтар 2019 ж. 598 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031