» » Үшеуі табалдырықта жатты: Қызылорда облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Үшеуі табалдырықта жатты: Қызылорда облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қызылорда облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Туысы олардың қанға бөккен мүрдесін үйінен тауып алыпты. Жантүршігерлік көріністен шошып қалған ол марқұмдардың кісі қолынан қаза тапқанына сенімді.

ÒÑзÑлоÑда облÑÑÑнда бүÑÑн бÑÑ Ð¾ÑбаÑÑ Ð¶Ò±Ð¼Ð±Ð°Ò Ð¶Ð°Òдайда көз жұмдÑ




Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында орын алған.


Үйлерінің табалдырығында жатқан марқұмдарды үй иесі Қалдыбектің әпкесі Алмагүл Төлегенова көрген. Оның сөзінше, өзімен бірге жұмыс істейтін келіні Ақботаның жұмысқа келмегенінің себебін білу үшін үйіне барған.

«Үйіне жайбарақат барып, кірсем, табалдырықтың дәл алында үшеуі жатыр. Кемпір от жағып отыр. Қасында 2 жасар бала отыр», – дейді Алмагүл Төлегенова.

Ең сорақысы, үйге кіргенде марқұмдардың жанында Ақботаның жасы жетпіске жақындаған дұрыс сөйлей алмайтын анасы мен марқұмдардың 2 жасар ұлы болған. Олар дін аман екен.

Марқұмның туыстары аяқ астынан болған қазаға сене алмай отыр. Олар жұрттың жағасын ұстатқан өлімнің ақ-қарасы әділ анықталғанын қалайды. Жұрт арасында отағасы Қалдыбек жары Ақбота мен ұлын өз қолымен өлтіріп, соңында өзіне қол жұмсаған деген қауесет те пайда болған.Туыстары 40 жастағы азаматтың мұндай қатігездікке баруы мүмкін еместігін айтуда.

«Інім халық айтып жатқан жамандықты жасады деп ойламаймын. Себебі ол ақкөңіл, көрші-көлеңдердің арасында елгезек адам болатын», – дейді марқұм Қалдыбек Төлегеновтің туысы Киікбай Төлегенов.

Ал ішкі істер департаменті мен министрлік әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Stan.kz




















22 қаңтар 2019 ж. 459 2

Гость Jeaplause от 20 ақпан 2019 13:56
Priligy De 30 O 60 Cialis Moins Cher Paris Cialis Viagra Was Ist Besser cheapest cialis 20mg Amoxicillin Tongue Swelling Pictures But Generic Lexapro Online Cheap Priligy Paypal

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 02:42
Viagra Pillole Clomid Celestene Cialis E Cannabis where to buy cialis online safely Pharmacies Online Cialis Duracion Del Efecto Buy Cheap Doxycycline

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031