Мәскеуде «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті
Астана, BAQ.KZ. 20 қаңтар күні Мәскеудегі Третьяков галереясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл туралы «Қазақфильм» баспасөз қызметі хабарлады.
Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Көрсетілім Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.
Аталған фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы бпяндайды. «Қазақ хандығы» жобасының идея авторы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің Мәскеудегі алғашқы көрсетілімі. Біз орыс тіліндегі нұсқасын YouTube желісіне салдық. Бір айдың ішінде көргендер саны миллионнан асты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Комментарийлер өте жақсы. Әлемнің түкпір-түкпірінен: Түркия, Ресей, Ауғанстан, Иран, Латын Америка елдерінен. Түрле елдердің тұрғындары біздің фильмімізге, қазақ және түркі тарихына және көшпенді мәдениетіне қызықғушылық танытып жатқандары қуантады», - деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашов.
Фильм мәскеулік көрерменнің және ондағы қазақ диаспорасының көңілінен шықты. Халыққа толы болған зал фильм аяқталған соң, біразға дейін тарқамай туынды талқыға салып, өз пікірлерін білдіріп, қол шапалақтап тұрды. Көрсетілім ресейлік шығармашылық қауымның да назарынан тыс қалмады – фильмді көруге кино және театр актерлары Мария Голубкина, Александр Рапопорт және журналист, шоумен Дмитрий Дибров келді.
«Бұл қарапайым оқиға желісін баяндайтын кино емес. Бұл үлкен өнер туындысы. Фильмнен кейін Қазақстанға барғым және қазақ болғым келді. Бұл үлкен жетістік, фильмнің жалғасын асыға күтетін боламын», - деп ойын жеткізді Голубкина.
Айта кетелік, «Қазақ хандығы» сериалның екінші маусымы аяқталып, көрерменге жол тартуға дайын. Аталған сериалдың кинонұсқасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тұсаукесері 2019 жылдың бірінші жартысына жоспарланған.
BAQ.KZ.