» » Ұлттық банк клиенттердің құқығын бұзған микроқаржы ұйымдарын атады

Ұлттық банк клиенттердің құқығын бұзған микроқаржы ұйымдарын атады

Қазақстанның Ұлттық банкі тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған микроқаржы ұйымдарын атады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ҰлÑÑÑÒ Ð±Ð°Ð½Ðº клиенÑÑеÑдÑÒ£ ÒÒ±ÒÑÒÑн бұзÒан микÑоÒаÑÐ¶Ñ Ò±Ð¹ÑмдаÑÑн аÑадÑ

Ұлттық банк микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторингпен талдау жүргізді. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 52 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды. Осылайша, келесі МҚҰ-ларға 18 санкция салынды:

“Караганда Микрофинанс”, “Экспресс Займ”, “Аксай”, “Финансовый магазин”, “Кредит регион”, HeartAsiaCredit, Finbox,”ҚАЗЫНА КРЕДИТ” и “СЕНІМ–VMY”.

Сонымен қатар келесі компанияларға 36 қатысты жазбаша ұйғарым түріндегі 36 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды:

“Абзал-Кредит”, SM-INVEST, “Азиатский кредитный фонд”, “Инкар & S”, “Теньгофф”, “Аксай”,”Орал”; “Микрокредит”; “Экспресс Займ”; “Қыран инвест”; “Шу”; “МАКС-М”; “Эверест Финанс”; “Қазақ несие”; “Досжан – Инвест”;  Batys kapital; MKM-Kredit; “Альянс Орда Финанс”; “Эверест Финанс”; “Иртыш”; FinansInvest; “Атамекен Тараз”; “ҚазАқша”; “СЕНІМ–VMY”; “Комфорт Финанс”; HeartAsiaCredit; “Кредит – регион”; “Сенат 2050”; “Казкредит”; “Береке”.

Ұлттық банктің мәліметінше, аталған ұйымдар микрокредит беру туралы шарт талаптарының ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне, Ұлттық Банктің тиісті рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, ЖТСМ2 шекті мөлшерінен асып кетуге, қарыз алушының қарауы және танысуы үшін қол жетімді жерде микрокредиттер беруге, ережесін орналастыру тәртібін бұзуға,  кредиттік бюроға жалған ақпарат беруге, есеп беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуға қатысты бұзушылықтарға жол берген.

«Бұл ретте Ұлттық банк микроқаржы ұйымы болып аталатын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін мұндай ұйым ҚР Ұлттық банкінің микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгеніне көз жеткізуге кеңес береді», – дейді банктегілер.

Stan.kz 



23 қаңтар 2019 ж. 685 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930