» » Несиеге салық салып қойыпты

Несиеге салық салып қойыпты

16 бас жылқы сатып алу үшін қаржылық несие алғанын және осы алынған несиеге салық органдары тарапынан салықтық төлем есептелгенін хабарлайды.

âÐеÑиеге ÑалÑÒ ÑалÑп ÒойÑпÑÑ

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жеке кәсіпкердің жылқы аламын деп алған қаржылық несиесіне мемлекеттік кірістер органдары салық төлемін есептеген. Жеке кәсіпкер аталған мәселені шешіп беру жөнінде бизнес субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу фронт-офисіне шағымданған, деп жазады BAQ.KZ.

Фронт-офистегі кезекті жеке қабылдауға келген ЖК «Баймбетов» «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан 16 бас жылқы сатып алу үшін қаржылық несие алғанын және осы алынған несиеге салық органдары тарапынан салықтық төлем есептелгенін хабарлап, салық органдары әрекетінің заңдылығы туралы көмек көрсетуді сұрайды. Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтің айтуынша: «Жеке кәсіпкердің өтініші бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесімен кәсіпкердің алған несиесіне салық төлемдерінің заңсыз және негізсіз есептелгені анықталды. Анықталған мән-жай бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне ұсыныс жолданып, кәсіпкерге қатысты есептелінген салық төлемдері жойылды. Жұмыс барысында өрескел кемшіліктерге жол бергені үшін салық органдарының қызметкері Н.Айымбетов «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған».

2018 жылдың шілде айынан бастап фронт-офисте облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бизнес субъектілерінің өтініштері қаралуда. Өткен жылы фронт-офиске 26 кәсіпкердің өтініштері келіп түсіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген.


ERNUR.KZ
24 қаңтар 2019 ж. 802 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930