Қазақстанда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі қытайлықтар болып шықты
Қазақстанда жыл басынан бері 20,3 мың шетелдік маман жұмыс істеу квотасын алған. Еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытай азаматтары деп жазады Аltaynews.kz.
Жұмыс істеуге берілетін рұқсаттардың басым бөлігі Атырау (7,9 мың) мен Маңғыстау облыстарына (2,1 мың), сондай-ақ Астана қаласына (2,2 мың) тиесілі.
Елімізге еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан (5,2 мың), Түркиядан (1,8 мың), Ұлыбританиядан (1,4 мың), Үндістаннан (1,7 мың) және Украинадан (863) келеді екен.
Шетелдіктер негізінен құрылыс (11,9 мың адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (3,2 мың), тау-кен өндіру (2,6 мың) және өңдеу (1,9 мың) өнеркәсібі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы (1,7 мың) салаларында еңбек етуде.
nur.kz
Пікір 2