» » Бразилиялық қызды жар еткен Қуандық оған қазақ тілі мен сәлем салу дәстүрін үйреткен

Бразилиялық қызды жар еткен Қуандық оған қазақ тілі мен сәлем салу дәстүрін үйреткен

Қазақстандық Қуандық Нұршанов бразилиялық аруды жар еткен. 2012 жылы Англияға тіл үйрену мақсатында барған жігіт өзге ұлттың қызын шаңырағына келін етіп түсіремін деп ойламаған. Алайда аз ғана уақыттың ішінде Даниель есімді латын америкалық аруға қалай ғашық болып қалғанын өзі де түсінбеген.


ÐÑазилиÑлÑÒ ÒÑÐ·Ð´Ñ Ð¶Ð°Ñ ÐµÑкен ÒÑандÑÒ Ð¾Òан ÒÐ°Ð·Ð°Ò ÑÑÐ»Ñ Ð¼ÐµÐ½ ÑÓлем ÑÐ°Ð»Ñ Ð´ÓÑÑÒ¯ÑÑн үйÑеÑкен

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Кешкі кездесу” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әйелінің шынайылығына ғашық болған. Ұлыбританияда танысқан жұптың үйлену тойы Бразилияда өткен.

“Қалың мал берген жоқпыз. Достарымыз, жақын адамдарымыздың ішінде қарсы шыққандар болды. Бірақ кәдімгідей қыспаққа алған жоқ”, – дейді Қуандық ағынан жарылып.

Интернационал отбасы бүгінде Ли атты қыз тәрбиелеп отыр. Үйлерінде ағылшын тілінде сөйлесетін ерлі-зайыптылар қызына қазақ тілін де үйретуге тырысады.

“Бұған дейін Қазақстан туралы мүлдем естіген жоқпын. Үйлену тойына келген адамдардың көптігіне таңғалдым. Құрт, кәмпит лақтырып жатты. Не болып қалды деп қатты таңғалдым. Ата-анамыз елдің басқа бөлігінде тұрады. Ол аймақ өте қазақи. Тұрмыс құрғалы бері қатты таңғалумен келемін. Бірақ маған ұнайды, себебі маған деген қарым-қатынастары жақсы. Бірақ маған кейде орысша сөйлейді, ал мен орысша сөйлемеймін. Қазақша сөйлегенін қалаймын”, – дейді қазақтың бразилиялық келіні Дани.

Қуандық пен Дани 10 күнге жуық уақыт тіл үйрену орталығында бірге жұмыс істеген. Оның ішінде үш күнді бір топта өткізіпті. Осы уақыт аралығында екеуі бір-бірін ұнатып, ақырында алғаш болып сезімді қыздың өзі білдіріпті.

“Сен мені ұнатсаң, мен сені жақсы көремін дедім”, – дейді Қуандық.

Ал бразилиялық қыз Қуандықты қандай қасиетіне қарап ұнатқанын айтып берді.

“Қуандықтың іскер екенін көрдім. Және адамдармен тез тіл табысатыны қатты ұнады. Біз тек өзіміз ғана емес, басқа адамдармен де бірге болғанды жақсы көреміз. Сондай қасиеттері ұнады. Оның сырт келбеті де көзіме түсті”, – дейді Даниель.

Бразилияның күйеу баласы атанған Қуандық тіл мәселесіне келгенде аздап қиналатынын айтады. Ал басқа жағынан алғанда бәрі мінсіз, дегенді алға тартады ол.

“Бразилияға барғанда адамдар өте жақсы қарсы алды. Қазақстан туралы естімеген болса да, өте жақсы қарсы алды. Кішіпейіл, мейірімді адамдар. Оларда көп салт-дәстүр жоқ. Сондықтан міндетті түрде істейтін нәрселер болған жоқ”, – дейді Қуандық.

Қазақ жігітінің айтуынша, Бразилияда шай табу қиынға соққан. Себебі бразилиялықтар таңнан кешке дейін кофе ішеді екен. Сондай-ақ, аталған елде жас жұбайлар ата-аналарымен бірге тұрмайды екен. Бұл тұрғыдан келгенде Дани Қуандықтың ата-анасымен екі ай бірге тұрған. Енесі ақ көңіл келініне дән риза.

“Қуандық – мені ең үлкен ұлым. Ол Бразилия жақтан келін алып келді, мен өте қуаныштымын. Ана үшін баласының бақытты болғаны ең үлкен қуаныш. Бәрі жақсы болды, өйткені балам Даниды алдын ала дайындап қойған. Қазақша үйретіп қойған, әліппені оқытқан. – Анашым, біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Келініңіз үйге келгенде қазақша сөйлейді, қазақша сәлем береді, – деп айтты. Өте жақсы қарсы алдық. Үйленбей тұрып, бізбен келіп танысып кетті”, – деген Роза Нұршанова Данидың бешбармағы мен бауырсағын ұнататынын айтты.

Бағдарлама барысында бразилиялық ару қазақ көрерменіне иіліп тұрып сәлем салды.


Stan.kz 


25 қаңтар 2019 ж. 731 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031