Қуандық Рахым сахналық костюмінің 1,5 миллион тұратынын білгенде талып қала жаздаған
Қуандық Рахым сахнаға алғаш шыққан кезінде шоу-бизнес әлемінің қыр-сырынан хабарсыз еді. Ән мен клипті былай қойғанда, ол сахналық костюмдердің қанша қаражатты талап ететінін білмеген. Ал алғашқы костюмінің бағасын естіген кезде Қуандық талып қала жаздаған.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.“Сахнаға ең бірінші алған костюмім 1,5 миллион теңге тұрады. Оны продюсерім алып берді. Ол кезде өзімнің 50 мың теңгенің костюмін алуға шамам жоқ. Менің әрі қарай жақсы боп кететінімді, ол нәрсенің 100 есе ақталатынын сезген шығар”, – дейді Қуандық.
Әншіден киілген сахналық киімдерін сұрайтын бауырлары мен жақындары көп көрінеді. Алайда басқасын таратса да, Қуандықтың дәл алғашқы костюмді ешкімге берер ойы жоқ.
“Ол кісілер қырағы ғой. Ол костюмім қазір үйде. Сұрап жүрген бауырларым бар, бірақ ешқайсысына бермеймін. Өйткені ол костюм өзіме ыстық. Талай костюмдерімді жоғалтқан болатынмын. Қазір анамның гардеробында тұруы тиіс костюмдер бартұғын. Бірақ біршамасы қолды болды, жоғалды. Содан кейін ешкімге бермеуге тырысып жүрмін”, – дейді Қуандық.
Бір қызығы, Қуандық алғашқы костюмнің қанша тұратынын білмепті. Тіпті, бағасын естігенде талып қала жаздағанын жасырмайды.
“Мен бағасын басында білген жоқпын, маған айтқан да жоқ. Уақыт өте келе сол костюмнің чегін көріп, өзім де талып қала жаздадым. Мұндай тұратынын білгенде гастрөлге, тойға кимейтін едім деген сияқты сөздер кетті”, – дейді Қуандық Рахым.
http://stan.kz
Пікір 2