Төреғалидің әкесі орынсыз сұрақ қойған журналистерге ашуланды
Жақында ғана алғашқы фильмін көрерменге ұсынған Төреғали тағы да даудың ортасында қалды. Кинокартинаның алдын ала көрсетілімі кезінде Төрештің әкесі БАҚ өкілдеріне ашуланды. Төреәлі Төлепов журналистермен алғаш рет жанжалдасып отырған жоқ.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төреғалиді шуға іліктірген оқиға кинокартинаның Алматыдағы жабық көрсетілімінде болды. Ұлы дала баласы журналистердің кез келген сұрағына дайын екенін айтып, орнына сенімді жайғасты. Әйтсе де, кейбір БАҚ өкілдерінің сұрағы Төреғалидің әкесі Төреәлі мырзаға ұнамай қалған.
“Неге Төреғалиден қайта-қайта сұрап жатырсың? Неге «қадалған жерден қан алайын» деп тұрсың?!” – деп ашуланды ол.
Сол сияқты Жұлдыз Өмірғали де әр қадамын аңдап басады. Журналистердің тосыннан қойған сұрағына жауап бермес бұрын, ол Айқынның пікіріне құлақ асатын көрінеді.
“Білмеймін, қазір айтсам Айқын ренжіп қала ма, ренжіп қалмай ма білмеймін”, – деп жауап берді Жұлдыз жеке өміріне қатысты сұрақтың біріне.
Ал Айқын Жұлдыз туралы сұрақтардан басын ала қашады.
“Болды, ол сұрақ керек емес. Ол сұрақ керек емес. Иә, керек емес! Әрі қарай кеттік”, – дейді Айқын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Источник: Stan.kz