» » Бүгінде 12 баланың анасы: Шымкент тұрғыны 13 жасында тұрмысқа шыққан

Бүгінде 12 баланың анасы: Шымкент тұрғыны 13 жасында тұрмысқа шыққан

Айсұлу Жалелова Шымкентте аз ғана уақыт ішінде танылып үлгерді. Көпбалалы ананың тағдыры желіде қызу талқыға түсті.


Айсұлудың өзінің айтуынша, ол жүкті кезінде Ираннан Қазақстанға оралған. Ата-анасы бала күнінде қайтыс болып, 13 жасында тұрмысқа шыққан, деп жазады Отырар.

“Мен тұңғышымды 14 жасымда өмірге әкелдім. Аллаға шүкір, 12 балам барына қуанам. Күйеуім бар. Ол ауырып жүр. Табылған жұмысты істейміз. Астанадан жақында балам келді. Ол жақта жұмыс істетіп, жалақысын берер кезде қуып жіберіпті”, – дейді Айсұлу.

Айсұлудың кенжесі 8 айлық. Әйелдің тұрақты жұмысы жоқ. Кеңселерді тазалап ақша табады.

“Мен ақша сұрамаймын. Бізді аяғанын, талқыға салғанын қаламаймын. Осынша балам барына қуанам. Маған жақсы жұмыс болса екен деймін. Бәрінің өмірде қиындығы болады. Бұл да өтеді. Көпшілік не себепті сонша бала тудың деп сынайды. Өзім үшін тудым. Алланың қалауымен саналы етіп балаларымды тәрбиелеп, еліне қызмет ететін адам болады”, – дейді ол.

Қазір отбасы жеке үйде тұрып жатыр. Талқыға түскен соң олар бизнесменнің бірінің назарына іліккен. Кәсіпкер отбасыға тұратын үй бөлген. Ол үшін ақы алмайды.

Stan.kz

28 қаңтар 2019 ж. 566 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031