Қазақстанда мекенжай анықтамасынан бас тарту ұсынылды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев елімізде мекенжай анықтамасы бас тарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Өз сөзінде ол мұндай бюрократияның не үшін қажет екенін түсінбейтінін айтты. Қазақстандықтар бұл құжатты алу үшін не үшін уақыт жұмсауы керек, дейді ол, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы премьер-министрдің орыбасары Facebook желісінде жазды.
Жұмағалиев өз сөзінде, кадрлік қызметкерлермен сөйлесіп, олардың мекенжай анықтамасын «керек бола қалған жағдайда» деген сыңайда сұрайтынын анықтаған. Яғни адам көшіп кетсе, жеке іс қағаздағы мәлімет ескіріп қалады да, мекенжай анықтамасы көмекке келеді.
Алайда тұлғаның жеке іс қағазында сол мекенжай көрсетіледі. Егер адам көшіп кетсек, мекенжай анықтамасындағы ғана емес, толтырылған жеке іс қағазындағы мәлімет те ескіреді, дейді премьер-министрдің орынбасары.
«Еңбек Кодексінде аталған құжаттың ұсынылуы керектігі жөнінде талап жоқ. Демек осы «керек бола қалған жағдайда» үшін адам анықтаманы алу үшін уақыт жұмсау керек. Бүгінде ол анықтамагы онлайн түрде немесе Telegram арқылы алуға болса да, ол үшін де уақыт шығындалады ғой», – дейді Жұмағалиев.
Жұмағалиевтің айтуынша, егер банкке немесе басқа да тұлғаға адамның мекенжайы туралы мәлімет керек бола қалса, ол сол азаматтың рұқсатымен egov порталы арқылы мәлімет ала алады.
Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев «Азаматтарға арналған үкіметке» мекенжай анықтамасының қаншалықты керектігін және оны мемлекеттік қызметтер тізімдемесінен алып тастау мәселелерін саралауда тапсырды.
Stan.kz