» » Жеті атасын білмеген...

Жеті атасын білмеген...

Кешегі Қызыл саясаттың кезінде жеті ата түгілі ата тегімізді, батыр, би шешендерімізді тіліміз бен дінімізді айта алмай қалғанымыз жасырын емес. Егемендік алғаннан кейін өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген заман туды. Айымыз оңынан туып, ата тегімізді енді іздей бастадық. Қазақта ерте заманнан бері жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Ата-анамыз осы қағиданы берік ұстаған. Егер де кім де-кім жеті атаға дейін үйленетін болса, олар елден аластатылып, қуғын-сүргінге ұшыраған. Ата-салтынан аттаған «қара бет» деп саналған.
Жеті атаға дейін қыз алыспау қан тазалығын сақтайды деген сөз. Расымен, қазір медициналық қағида да бұрынғы ата-баба сөзін дәлелдеп отыр. Жақын туыстар қыз алысып, қыз беріссе олардан туған балалар әлжуаз, аурушаң болып, ұрпақтың амандығына қауіп төнеді деп дәлелдейді. Олай болса, қазір жеті атаны терең зерттеп, біліп, ұрпаққа айтып түсіндірген дұрыс. Қазақта жеті атасын білмегенді жетесізге жатқызады. Кейбір үлкендер (әрине бәрі емес) жеті ата түгілі өз әкесі мен аржағы бір-екеуін ғана білетіндер кездеседі. Олардыкі не жол? Білмесе ізден, сұрағанның айыбы жоқ. Ақылды адам тексіз болмайды.
Олай болса, ұрпағына
Жеті атаңды біл дедім,
Ұмытпай оны жүр дедім.
Жеті атаңды білмесең,
Ол саған, балам, сын дедім.
Балаңа жетіге келгенше санасына құй, үйрет, жеті атасын білген ұл тез жетіледі. Бұл – менің сөзім емес ұлылардың айтқаны. Әр адамның өз ата-тегі бір-бір тарих, ата-анаңды үлгі етсең, келешек ұрпақ өзіңді үлгі етеді.
Жеті атаң сенің негізің,
Өмірден алған ол ізің.
Сақтасаң оны ойыңа,
Оянады әр кез сезімің.
Жалпы, жеті деген киелі сан екен. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» жеті жетекші, жеті ғашық, жеті қазына, жеті жұт, жеті жетім, жеті амал деген бар. Бұ­лардың әрқайсысын талдап айтуға болады.
Ал, жеті ата туралы былай дейді. 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата деп аталады екен. Мұны өз аталарыңмен жіктеп алуға болады. Тұрмағанбет ақын баласына «жақсы әке балаға қырық жыл азық, жаман әке қырық жыл қазық» деген. «Өткеніңді еске алсаң өскенің, өткеніңді еске алмасаң өшкенің» демей ме? Жеті ата мен шежірені білумен қатар, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу ата-ана парызы емес пе? Бұл ағайын-туысқа деген бауырмалдықтың артатыны сөзсіз.
Бұл – үлкеннің парызы,
Ата-баба ол ізі.
Таныстыру біздерге,
Артық емес негізі, – деп сөзімді аяқ­та­ғым келеді

Жақсылық Адамбаев,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы,
еңбек ардагері.

28 қаңтар 2019 ж. 1 539 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031