» » “Нағыз қазына”: Қазақстандық алманың денсаулыққа пайдасы шетелдік ғалымдарды таңғалдырды

“Нағыз қазына”: Қазақстандық алманың денсаулыққа пайдасы шетелдік ғалымдарды таңғалдырды

Шетелдік ғалымдар қазақстандық алмаға таңғалуда. Еуропадағы «Шарите» клиникасының мамандары біздің алмаға зерттеу жүргізген. Олар алманың бірқатар ерекшелігін анықтап, «нағыз қазына» деп баға берді.

"ÐаÒÑз ÒазÑна": ÒазаÒÑÑандÑÒ Ð°Ð»Ð¼Ð°Ð½ÑÒ£ денÑаÑлÑÒÒа пайдаÑÑ ÑеÑелдÑк ÒалÑмдаÑÐ´Ñ ÑаңÒалдÑÑдÑ

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Германиядағы аллерголог Карл-Кристиан Бергманн қазақстандық алманы «нағыз қазына» деп отыр. Белгілі болғандай, бұл елде тұрғындардың 16 пайызының тозаңға аллергиясы бар екен. Сондықтан олар алма жей алмайтын көрінеді.

Өз еліндегі осы мәселеге алаңдаушылық танытқан ғалымның қолына қазақстандық алма түскен екен. Ол алманы зерттеп, құрамында аллергия тудыратын заттар жоқ екенін анықтапты. Белгілі болғандай, біздің елде өсетін алманың құрамында антиоксиданттар көптеп кездеседі және аллергендердің мөлшері өте аз.

Осылайша Бергманн аллергиядан зардап шегетін 100 адамға 3 ай бойы зерттеу жүргізіпті. Қатысушылар осы мерзім ішінде қазақстандық алманы жеп жүрген. Нәтижесінде анықталғандай,тәжірибеге қатысқан адамдар кез-келген алманы жей алатын болыпты. Оларға тозаң бұрынғыдай ауыр әсер етпейтін болған. Зерттеудің мұндай нәтижесі ғалымдардың өзін таңғалдырып отыр.

«Германияда алмаға аллергиясы бар бір миллионнан астам адам бұл жемістен бас тартқан. Бірақ менде емделіп жүрген бір науқас алманың кейбір түрлерін жей алатынын айтқан. Оның қандай ерекшелігі бар деп таңқалдым. Кейін Қазақстанның алмасының құрамында аллерген өте аз екенін анықтадық. Бұл – ғажап жағдай. Енді біз аллергия тудырмайтын, кез келген ағзаға пайдалы болатын алманың түрін қайта шығаруды мақсат тұтып отырмыз. Қазақстанның осындай алманы өсіріп, экспорттауға керемет мүмкіндігі бар», – дейді аллерголог Карл-Кристиан Бергманн.

Ендігі аллерголог маман қазақстандық дәрігерлермен бірігіп, біздің алманы зерттеуге дайын екендерін айтып отыр.

Stan.kz 
29 қаңтар 2019 ж. 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031