Астаналық жас жұбайлар үйлену тойының орнына балаларға сыйлық жасады
Астаналық жас жұбайлар Дидар Сәтпаев пен Лаура Жүнісбекова үлкен той жасаудың орнына қуанышын мектеп-интернаттағы балалармен бөлісті.
Бүл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
«Бірауыздан балалар үшін қайырымдылық жасайық деген шешімге келдік. Қолдан келгенше көмектескіміз келді. Сондықтан үйлену тойының орнына балаларға қуаныш сыйлауды ұйғардық. Туыстарымыз бізді қолдады», – дейді Дидар.
«Мен үшін ең бастысы – бізбен бірге күліп-ойнаған балалардың көңіл-күйі. Жастарды мейрамханалар мен банкеттер үшін миллиондаған ақша шашпауға шақырамыз. Ол ақшаны игі іске жұмсаған жақсы», – дейді Лаура.
Күйеу жігіт те, қалыңдық та – еріктілер. Олар қайырымдылықпен айналысып жүріп танысқан. Жастар аптасына бірнеше рет балаларға барып, сурет салу мен жауынгерлік өнер сабақтарын тегін өткізеді. Сондықтан олар өміріндегі ең маңызды күнін балаларсыз елестете алмапты. Олар неке қиған күні сыйлық алудың орнына, балаларға сыйлық беріп, мәз қылды.
Stan.kz