» » Қан тобы: Қай топтағылар қандай аурулардан сақтануы керек

Қан тобы: Қай топтағылар қандай аурулардан сақтануы керек

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі қай қан тобындағылардың қандай ауруларға жиі ұшырайтыны жайлы пайдалы мәлімет ұсынады.

Òан ÑобÑ: Òай ÑопÑаÒÑÐ»Ð°Ñ Òандай аÑÑÑлаÑдан ÑаÒÑанÑÑ ÐºÐµÑек

Әйелдердің резус-факторының теріс болғаны өте жақсы емес екенін бәрі біледі. Алайда, олардың қан тобы бірінші топқа жатса да, жақсы емес. Жалпы алғанда, бұл қан топтарына қатысты көбісі біле бермейтін көптеген құпия нәрселер бар.

Қарама-қайшылы топ

Резус-фактор жайлы бәрі түсінікті. Егер бала тұқым қуалаушылық жолмен, әкесінің резус-факторын алса, онда резус-қақтығыс қаупі жоғары болады. Сонда теріс резусты жүкті әйелдің иммунитеті өз нәрестесін бөтен дене ретінде қабылдамай, оның резус-факторына қарсы резус-антиденелер өндіріп, шабуыл жасайды. Бұл жеңіл өткен жағдайда нәрестенің сары аурумен туылуымен, ал ауыр жағдайларда – бала өлімімен немесе өлі туылуымен аяқталады.

Ал 1-ші қан тобында жағдай басқаша. Бұл жерде 1 топтағы әйелдердің ұрық жасушалар қоры жылдам сарқылып, бедеулік қаупі артады. Сондықтан, оларға бала көтеру, әсіресе 30 жастан кейін жүкті болу қиынырақ болады. Ал бүгінде мансап қуған әйелдер осы жаста алғаш рет бала көтеріп жатады. Сондықтан, 1-қан тобындағы барлық әйелдер босануды кейінге қалдырудан бұрын жақсылап ойланып алуы керек. Мысалы, Ресейде 10 әйелдің төртеуінде осы қан тобы кездеседі.

Жақында жапондық ғалымдар осындай топтағы адамдардың қан кетуге байланысты ауыр жарақаттардан мерт болатынын анықтады. Себеб, олардың қаны нашар ұйыйды. Бірақ, оның да оң әсері болуы мүмкін. Мысалы, ол кезде тромбозға байланысты аурулар қаупі төмендейді.

Бұл кейде тромбоэмболия, миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт секілді өлімге әкелетін аурулар болуы мүмкін. Сонымен бірге, 1-топтағы қан безгектен қорғайды, әсіресе аурудың ең ауыр түрінен жеңіл өтуге көмектеседі. Бірақ тырысқақ ауруында, керісінше болмақ. 1 қан тобындағылар тырысқақты оңай жұқтырып, ауруды айтарлықтай ауыр өткереді. Дегенмен, қазіргі таңда бұл ауруға шалдығу қаупі төмен.

1-қан тобындағы адамдар басқа қан тобындағыларға қарағанда асқазан безінің қатерлі ісігіне 47% -ға аз ұшырайды. Ал ол ең ауыр ісіктердің бірі саналатыны бәріне белгілі.

Бірақ терінің қатерлі ісігінің жұмса
қ формалары 4 және 14%-ға жиі кездеседі. Мұнда 2-топтағыларда асқазан қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары. Сондай-ақ, аналық без қатерлі ісік аурулары екінші және үшінші топтағыларда байқалады. Барлық қан тобының ішінде 4-ші топтағылар онкологиялық ауруларға сирек ұшырайды.

Бірақ, қан тобы бірінші топқа жататын адамдар семіздікке және оған байланысты 2-типті қант диабетіне сирек ұшырайды. Мысалы, екінші топтағы әйелдерде қант диабетіне шалдығу қаупі 1-ші топқа қарағанда 10 пайызға, үшінші топтағылармен салыстырғанда 21% -ға және 4-топтағыларға қарағанда 17% -ға жоғары болады.

Мүмкін, қан топтары бойынша диета ұстап, жақсы көрсеткіштерге жету осы фактілерге байланысты шығар. Дегенмен, ресми медицина оған күмәнмен қарайды, десе де көбісі оның көмектесетініне сенімді.

Мұндай диета туралы жалғыз зерттеуде оның жүрек-тамыр ауруларынан жақсы қорғайтыны көрсетілген. Әсіресе, бірінші топтағыларға арналған диета тиімді. Ол 1 және 4 топтағыларға арналған диеталар секілді холестерин мен қандағы липидтерді ғана емес, сонымен қатар дене салмағын, қан қысымын және инсулинді төмендетті. Тек 3-ші топтың диетасы ғана жүрек және қан тамырлары үшін онша тиімді емес.

Қан топтарының ішінде ең күйгелегі үшінші топ. Үшінші топтағы адамдарда стресс гормонының (кортизол) деңгейі өте жоғары. Олар өздерін жақсы сезіну үшін йога, медитация және басқа релаксация техникаларын қолдануы керек. Ал ең «ұмытшақ» қан тобы төртінші топ. Оларда 45 жастан кейін есте сақтау қабілетінің төмендеу тәуекелі 42%-ға жоғары.

Stan.kz





07 ақпан 2019 ж. 808 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 14:03
Comprar Cialis Generico Seguro Farmacia Online Priligy Generico Cialis 5mg Vs 10mg pharmacy prices for levitra Keflex Swine Flu Pneumonia

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 15:31
Amoxicillin For Oral Suspension Expire propecia o proscar On Sale Discount Isotretinoin Tablets Online Visa Accepted Viagra Ansia

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930