» » 1-наурыз алғыс айту күні: Неліктен бұл мерекені осы күні атап өтеміз

1-наурыз алғыс айту күні: Неліктен бұл мерекені осы күні атап өтеміз

Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының мәжілісінде 1 наурызды алғыс айту күні деп бекітті, деп жазады Stan.kz.


1-наÑÑÑз алÒÑÑ Ð°Ð¹ÑÑ ÐºÒ¯Ð½Ñ: ÐелÑкÑен бұл мейÑÐ°Ð¼Ð´Ñ Ð¾ÑÑ ÐºÒ¯Ð½Ñ Ð°Ñап Ó©ÑемÑз

Бұл күн қазақтардың ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. Себебі, Кеңес үкіметі кезінде көптеген ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударылған еді. Сонда республика халқының интернационалдылығы көптеген өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады, және бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді.

Достықтың, толеранттылықтың, мемлекеттік саясаттың жолын жалғастыру үшін ел президенті Қазақстан халқына түрлі іс-шараларға қатысуға, мемлекеттің әлеуметтік құрамын дамытуға көмектесетін заңдар мен нормативтік актілерді ұсынып, бекітті. Осылайша, 1-наурыз Қазақстанда алғыс айту күні деп жарияланды. Бұл мереке 2016 жылдан бастап атап өтіліп келе жатқандықтан, әлі жеткілікті дәрежеде танымал болмады. Алайда, ол күннің маңызымен алдымен жас ұрпақ танысып жатыр. Қазір мектептерде міндетті түрде осы күннің тарихымен танысу сабақтары өтеді, бұл мейрамға БАҚ-та үлкен көңіл бөледі. Яғни, мереке енді танымал болып келеді.

Бұл күні тақырыптық іс-шаралар, форумдар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады. Жыл сайын мерекенің тарихы жаңа оқиғалармен толықтырылып, уақыт өте келе бұл мереке де бүкіл халық асыға күтетін, сүйікті мейрамдардың бірі болады. Бұл күн – тарихты, отбасының, елдің тарихын есте түсірудің бір себебі. Осы күнде адамдар бір-біріне,  ата-аналарына, балаларына алғыс айтып, бірлесіп өткізген уақыттарын еске алып, уақытын отбасымен және достарымен бірге өткізеді. Бір сөзбен айтқанда, алғыс айту күні – адамдардың бір-бірімен достық, туыстық, жағымды қарым-қатынас ортануға бір қадам жасауы. Алғыс айту күнінде жанжалдасып қалғандар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрап, айналасындағыларға алғыс айтулары керек.

Қазақ атам заманнан кеңпейілдігімен, өр жомарттығымен аты шыққан дана халық. Қазақстан сонау зобалаң заман жылдарында тағдыр тәлкегіне ұшыраған талай ұлт пен ұлыс өкілдерін өз бауырына басып, жатсынбай өзім деп қабылдаған ел. Еліміз өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді.

Тарихқа үңілсек, Қазақстанның көпұлтты болып қалыптасуына өзге ұлт өкілдерін қазақ деріне күштеп ұжымдастыру мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі бейбіт халықты эвакуациялау себеп болды. 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы реформаларға байланысты отарлық саясат ерекше күшейді. Өлкеге 4 миллионға жуық орыс халқын санамағанда украин, өзбек, қырғыз, белорус, балқар, шешендер мен ингуштар, 34 мыңнан астам поляк, Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам кәрістер қазақ жеріне күшпен көшірілді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де халықтың құрамы күрт өзгерді. Нәтижесінде, Қазақстан сан түрлі тілдер мен мәдениеттер тоғысқан көпұлтты мемлекетке айналды. Бүгінде қазақстандықтар ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мерекені атап өтеді. Елбасының жарлығымен ол – алғыс күні деп аталды. Қазақстан халқы ассамблеясыны күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностар мен еліміздің өткенді еске алып, бүгінгімізге ризашылығымызды білдіретін күн. Қазақстан халқы бұл мерекені алғаш 2016 жылы атап өтті.

2016 жылы 14 қаңтарда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясың құрылған күні  1 наурызды елімізде алғыс айту күні деп жариялап, 173 жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Жалпы, 20 ғасырдың басында қазақ жеріне бес жарым миллионнан астам адам жер аударылған. Сол жылдары қазақ халқы қуғын-сүргінге ұшыраған орыс, кәріс, украин және поляк сынды ұлттарға көмек қолын ұсынған. Сол себепті де этно-мәдени орталықтардың өкілдері бүгінде алғыс айту күні қазақстандықтарды бір-біріне жақындастырып, біртектілік пен біртұтастықты нығайта түседі деп санайды. Елге жер аударылғандарға көмектесені үшін қазақтардың өздері де қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін еді. Бірақ, қазақ халқы соған қарамастан қауіп-қатерге бас тіккен. Мысалы, Алжир лагерінің қарауылына білдіртпеу үшін жала-жабылып сотталғандардың әйелдеріне тас атқандай болып, құрт лақтырып, оларды аштықтан құтқарған.

Елбасы бұл күні барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдап, мейірбандық танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған еді. Бұл күннің мән-мағынасы өте тереңде жатыр. Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің қазақ халқына, қуғын-сүргін көріп бір тәулікте Қазақстан жеріне айдалып келгенде барлығына қамқалы тонын кигізіп, ас суын алдымыздан тосқаны үшін алғыс айтамыз дейді. Расында да, сонау қиын-қыстау заманда Қазақстан топырағына келген өзге ұлт-өкілдері жатар жерін беріп, бір нанын бөлісіп, оны өзге деп көрмей, өзінің бауырына басқан қазақ халқына шексіз риза.

Бұл күн өте өзгеше болуы керек. Адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, қадам жасаған сайын істеген ісіне, қасындағы жарына, жолдасына, баласына алғыс айтудан бастауы керек. Сондай-ақ, Ата заңымызда дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Сондықтан мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелгені анық. Мұндай міндетті еліміз өзге этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа деген шексіз құрметі мен алғыс сезімі арқасында ойдағыдай іске асыруда.

Алғыс айту күні қуғын-сүргінге ұшырап, аласапыран заманың тауқыметін тартқан халықтың рухани игілігі. Кеңпейілділігі мен қайырымдылық дәстүрлеріне терең тағзым. Қазақстан халқының бұл мерекені тойлауы жарасымды. Себебі, біздің елде 130-ға тарта ұлт пен ұлыс бірлікте, ынтымақта өмір сүруде.

Қазақ кең болсаң, кем болмайсың деген әрқашан. Сол мінездің арқасында өзінің ғана емес, өзгенің де көңілін тауып келеді. Кішпейілділік, кешірімді болу, алғыс айта білу секілді қазақ қасиеттер де бойымызға дарыған. Сондықтан, көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесінде ең алдымен айналамыздағы адамдармен жақын болуымыз керек.

Кешірімді болған кішірейіп қалмайды дейді елбасы. Яғни, кез-келген қысылтаяң шақта ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бекемдей біліп, ұлт пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы межелеген мақсаттарымызға жету маңызды. Кезінде бауыр басып, қанатын Қазақстанда қатайтқан отандастарымызбен бірге шаңырағымызды биіктетіп, керегемізді кеңейту әрқайсымыздың міндетіміз. Алғыс айту күнінің негізгі идесы мен басты миссиясы да осы.

Stan.kz



18 ақпан 2019 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30