» » Жеңлдікпен автонесиелеуге 10 млрд теңге бөлінеді

Жеңлдікпен автонесиелеуге 10 млрд теңге бөлінеді


Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінетінін айтты.

2015 жылы іске қосылған жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы жеңіл автокөліктерді несиелеуге және коммерциялық техниканы лизингтік қаржыланыруға бағытталған. 

«Бұл бағдарлама аясында 2015-2018 жылдары кредитке 13 245 жеңіл автокөлік, лизингке 747 коммерциялық техника берілді. Отандық автоөндірушілерді қолдау мақстаында және халықты қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін бұл тәжірибені жалғастыруды ұсынып отырмыз. Биыл екінші деңгейлі банктерді жеңілдікпен қаржыландыру жолымен «Бәйтерек» холдингіне 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Оның 8 млрд теңге – жеңілдікпен автонесиелеуге, ал 2 млрд теңге – коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландыруға беріледі», - деп атап өтті Қасымбек.

Министр алғашқы кезеңде 2000 астам автомобиль сату жоспарланатынын, оданк кейінгі жылдары револьверлік қаражат есебінен бағдаралма бойынша орта есеппен жылына 400-500 отандық автомобиль сатылатынын айтты. Оның айтуынша, 18 жыл бюджеттік кредит беру автомбиль жасау саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Назерке АБИБУЛЛА
BAQ.KZ

19 ақпан 2019 ж. 656 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930