» » Қытай ғарышта күн электр станциясын салмақ

Қытай ғарышта күн электр станциясын салмақ

Қытайлық ғалымдар ғарышта күннің қуатын жинап, оны сәуленің көмегімен Жерге жіберетін орбиталық электр станциясын дайындап жатыр.

ÒÑÑай ÒаÑÑÑÑа күн ÑлекÑÑ ÑÑанÑиÑÑÑн ÑалмаÒ


Бұл туралы ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қытайлық БАҚ мәліметінше, Чунцин қаласында ғарыштан сәулені қабылдайтын тәжірибелік базаның құрылысы басталып кеткен.

Электр станциясының алғашқы сынақтық нұсқасын 2021-2025 жылдардың аралығында стратосфераға жіберу жоспарланып отыр.

Ғарыштық электр станциясының жасалып жатқаны туралы бірінші болып Science and Technology Daily басылымы хабарлаған еді.

Басылым мәліметінше, құрылғы 36 мың шақырымға жуық биіктікте геостационарлық орбитада, яғни бір нүктеде тұрып, Жермен қатар айналып тұруы тиіс.

Жердегі күн панельдерімен салыстырғанда, ғарыш станциясы қуатты тәулік бойы, ауа райы, мезгілдер мен тәуліктің ауысуына қарамастан 6 есе тиімдірек өндіреді.

Stan.kz 

19 ақпан 2019 ж. 575 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031