Бекбол үздіктердің қатарында
Биылғы жыл жастарды қолдауға бағытталып отыр. Оның бірнеше себебі бар. Ең бастысы, жастар дегенде тың идеялар, жарқын бастамалар ойға оралары анық. Еліміздің ендігі даму көкжиегін кеңейтетін де осы жастар. Демек, қазір қуаты тасыған, еңселі еліміз ең алдымен жастарды қолдап, оларға мемлекеттік деңгейде демеу көрсетуі – олардың жан-жақты дамуына, қоғамдағы белсенділігін арттыруға көрсетілген мол мүмкіндік деп білеміз.
Қай елдің де жарқын болашағы – жан-жақты білімді, ұшқыр ойлы талантты жастар. Қазіргі таңда жастарды қолдау, жан-жақты шығармашылығын дамыту бағытындағы шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде, ел жастары қоғамдағы түрлі жұмыстарға етене араласып, мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы жүзеге асуына атсалысып жүр. Осындай белсенді жастың бірі – жерлесіміз Жаппар Бекбол Мейрамбекұлы.
Ол – Қаракеткен ауылының тумасы, қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үздік студенті. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, өзін жан-жақты қарым-қабілетін көрсетіп, қоғамдық шараларға белсенді араласа бастады. Мектепті тәмамдаған соң, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжіне «Туризм» мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа оқуға түсті. Ол кезде де талапты жас түрлі байқауларға қатысып, оқуда озат атанды, белсенді жастардың қатарында болды.
Бекбол биылғы жастар жылында ел жастарына мол сенім артылғанын айтады. Осы қамқорлықты терең сезініп, озық білімімен, адал еңбегімен лайықты жауап қайтаруға тырысатынын жеткізді.
– Бұл ойымның қате еместігіне, жастардың Елбасы сенімін ақтайтынына сенемін. «Жастар жылы» жарқын істер жылы болсын дегім келеді. Қазір еті тірі, білімді жастар тек оқу-білім базасында сабаққа қатысумен ғана шектеліп қалмай, жан-жақты қабілетін дамытуға атсалысып келеді. Мен де осындай жастардан қалмай, 2015 жылы Астана қаласы Еуразиялық аккредиттеу агенттігі «Имиджтану. Туризм. Кәсіпкерлік» тақырыбындағы біліктілік жетілдіру курсына қатысып, сертификатқа ие болдым. Ал, 2016 жылы Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мемлекетіміздің қарышты дамуына үздік үлес қосып, колледж өміріндегі қоғамдық жұмыстарда өз алғырлығымен, қарымды шығармашылық қабілеті мен жарқын болашақтың болмысын айшықтайтын жігерлі де өршіл рухты жас патриот ретінде танылғаным үшін алғыс хатпен марапатталдым. Мұнан басқа да жетістіктерім баршылық. Мұның барлығы, жастарға жасалған қамқорлық деп сезінеміз, – дейді белсенді жас.
Бекбол Мәңгілік елдің тірегі жалынды жастар қатарында жүріп көшбасшылық қабілеті мен кәсіби құзыреттілігі, өнегелі ізденістер, жаңашыл идеяларды ұштастыра білген белсенді еңбегі үшін және Сыр елінің тарихы, рухани асыл қазыналарынан сыр шертетін облыстық музейде тәжірибеден өту барысында сөз саптау және экскурсия жүргізу шеберлігімен көзге түсіп, іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, алғыс хаттармен марапатталды. Ол қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне мемлекеттік грант арқылы оқуға түсіп, алған білімін одан әрі жетілдіріп келеді.

Н.ЖАНҰЛЫ.