Жұмысты қалай іздеу керек: жұмыс іздеудің 5 тәсілі
Stan.kz ақпараттық агенттігі жұмысты қалай іздеу керектігі және жұмыс іздеудің ең танымал жолдары туралы пайдалы кеңестер ұсынады.
1. Таныс арқылы
Өз салаңыздағы қызықты жұмысты әріптестер арқылы табуға болады. Егер сіз қарым-қатынас пен таныстар желісін үнемі дамытып жүрсеңіз, бұл сенімді іздеу әдісі болмақ. Басшыларға түйіндемелер дерекқоры арасынан өздеріне сай келетін маман іздеп, уақыт жоғалтқаннан гөрі біреу ұсынған адамды жұмысқа алған жеңілірек. Өзара қызмет көрсету адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Керекті адамдармен қалай таныссам болады деп бас қатырғанша, өзіңіздің пайдаңыз тиетін адамдарды табуға тырысыңыз. Солармен қарым-қатынас орнатып, өзіңізді есіне салып тұрыңыз. Кәсіби іс-шараларға барыңыз, топтарда, әлеуметтік желілерде адамдармен қарым-қатынас жасаңыз. Және көмек сұраудан қымсынбаңыз. Жаңа таныстар мен байланыстар оларды қолдануға шешім қабылдаған сәтте жақсы жұмыс істейді.
Егер сіз ұсынысты осындай жолмен қабылдаған болсаңыз, әріптестеріңізден компания туралы сұрап, біліңіз. Жұмыстың қалай жүріп жатқанын, команданың қазіргі уақытта қандай жобамен айнасып жүргенін, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта бір-бірімен қалай араласатынын және қарым-қатынас ұстаудың қандай стилін қолданатынын біліңіз. Осының бәрін білсеңіз сұхбатқа дайын және сенімді келесіз.
Артықшылығы: жұмысқа кірмес бұрын команда туралы көп нәрсе біліп, жағдайды алдын-ала бағалай аласыз.
Кемшілігі: адамдық фактор. Әріптестеріңіз айтқан жақсы жұмыстың критерийлері сіздікінен өзгеше болуы мүмкін. Бірақ, жаңа жерде шәлкес қарым-қатынас орын алуы мүмкін.
2. Кадрлық агенттік
Кадрлық агенттіктер өтініш берушілерге жұмыс іздеумен айналыспайды. Оларға жұмыс берушілердің өздері жүгінеді және қызметкер таңдағаны үшін ақша төлейді. Мұнда барлық үміткер түйіндемесін агенттікке жіберіп, жауабын күткеннен басқа ештеңе істей алмайды. Сондықтан, ақша төлеу арқылы жұмыс таңдауға болады деген ұсыныстарға сақтықпен қараңыз. Пікірлерді оқып, құжаттарды мұқият тексеріп, шартты оқып шығыңыз. Өйткені, мұндаймен кейде алаяқтар айналысады. Бірақ ерекше жағдайлар бар.
Мысалы, үй қызметкерін іріктеп алатын агенттіктер болады. Ал олардың орындаушылар дерекқорына кіру үшін ақша төлеп, сынақ тапсыру керек. Сондай-ақ, аутстаффингтік агенттіктер, яғни электрондық еңбек биржасына да түйіндеме тастауға болады. Олар компаниялар үшін уақытша қызметкерлер ұсынады. Қызметтік демалысқа, декретке кеткен немесе қысқа мерзімді жобаларды іске асыру үшін демалыс алған қызметкерлердің орнына уақытша маман ұсынады. Әдетте, бұл уақытша жұмыс орны болғандықтан, заң бойынша 9 айдан артық созылмайды және келісімшарт тікелей агенттікпен жасалады.
Консалтингтік қызметтерді ұсынатын мансаптық кеңесшілер мен компаниялар да жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Олардың кеңесі пайдалы болуы мүмкін, бірақ жұмысқа орналасуға кепілдік бермейді.
Сондықтан, өз қалаңыздағы агенттіктер нарығын зерттеп, пікірлерді оқып шығыз. Ол компаниялардың қанша жыл жұмыс істеп жүргеніне назар аударыңыз. Бірақ, аз ақпарат көрсетілген және қызу пікірлер жазылмаған компанияларға жоламаңыз.
Артықшылығы: жұмысты өзің іздемейсің.
Кемшілігі: бұл жерде алаяқ компаниялар да болады және өтініш беруші іздеуге әсер ете алмайды.
3. Әлеуметтік желілердегі жарнама
Жұмыс беруші компаниялардың ресми парақшалары да және қызметкерлердің өздері де әлеуметтік желілерде жұмыс немесе жұмысшы керектігі туралы хабарлама жариялай алады. Ал репосттар желідегі ақпаратты жылдам таратады. Бос орынның бар-жоғын уақытында білу үшін жұмыс істегіңіз келетін компания менеджерлерінің жеке парақшасына тіркеліп қойғаныңыз дұрыс.
Егер, әлдебіреу сізді қызықтырған орыннан кеткелі жатқанын жазса, ол адамның өзіне жеке хат жазып, жаңа қызметте табысқа жетуді тілеп, кадр бөліміндегі біреуінің байланыс телефонын сұрасаңыз болады. Ал егер жұмыс іздеп жүргеніңіз туралы жазбаны сіз өз парақшаңызда жарияласаңыз, парақшаңызды әлеуетті басшы сізге жаза алатындай етіп орнатыңыз.
Артықшылығы: репосттар қажетті адамдарға жылдам жетеді және сіз жұмыс берушімен тікелей байланыста боласыз.
Кемшілігі: парақшада ақпарат көп болғандықтан, бос орынға жұмысшы әлі алынбаса да, жұмыс туралы хабарлама тез жабылып, көрінбей қалуы мүмкін.
4. Жұмыс іздеу сайттары
Үлкен сайттарда әртүрлі қалалар мен салаларда жұмыс туралы көп хабарландырулар бар. Тіпті, сіз жұмыс іздеп жүрген салада дағдарыс болса да, әрқашан балама нұсқаларды табуға болады. Әдетте, олар кемсітушілікке жол бермеу үшін бос орындарды модерациялайды. Ал сервисті жаңа пайдаланушыларды тарту үшін үнемі жетілдіріліп, жақсартады. Ірі компаниялар әдетте, жұмысшы керектігі туралы хабарламаларды бір сайтта жариялайды.
Кейбір компаниялар өздерінің тікелей байланыс нөмірлерін көрсетпейді, сондықтан оларға тек жұмыс іздеу сайтының үлгісі арқылы хабарлама тастауға болады. Сондай-ақ, сайттар қандай да бір хабарлама қалдыру үшін міндетті тіркеуді талап етуі мүмкін.
Артықшылығы: бос жұмыс орны сенімді және онда компаниялар көп болады.
Кемшілігі: Ол үшін тіркелу керек және тікелей байланыс болмауы мүмкін, сондықтан жұмыс берушінің жауабын күтуге тура келеді.
Кәсіби топтар
Егер нақты бір салада жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда бұл жерде әлеуметтік желілердегі тақырыптық парақшалар мен арнайы сайттар көмектеседі. Немесе бір күні жұмысыңызды ауыстыру үшін нарықты бақылап отырыңыз. Сайттарға қандай жұмыс іздеп жүргеніңізді жариялаңыз, себебі кейбір топтарда кәсіби пікірталастар туындауы мүмкін. Сондай-ақ, сізге керек салада жұмыс істеп жүрген әріптестерден жұмыс бойынша немесе ағымдағы мәселелер бойынша пайдалы кеңестер ала аласыз.
Facebook және «Вконтакте-ден» кәсіби топтарды іздеңіз, мессенджердегі тақырыптық топтарда басқа адамдармен араласыңыз. Онда белгілі мамандармен кездесуге немесе өз беделіңізді көтеріп, қызықты ұсыныстар алуға мүмкіндік бар.
Артықшылығы: іздеу шеңбері тар, жұмыс берушілермен тікелей байланыс жасауға болады және әріптестерден кеңес алуға мүмкіндік туады.
Кемшілігі: кейбір кәсіби қауымдастықтар жабық болады, менеджермен барлық жағдайда байланысу мүмкін болмайды және компания туралы ақпарат берілмейді.
5. Еңбек биржасы
Заң бойынша барлық компаниялар бос орын туралы хабарлауы керек. Ал жұмыссыздар еңбек биржасына тіркеліп, барлық шарттарды орындау арқылы шағын жәрдемақы ала алады. Яғни, оны еңбек биржасына келіп, үнемі тіркеліп және сұхбаттасуға келіп жүрген жұмыс іздеушілер алады.
Жұмыспен қамту орталығының жалпы залында бос орындар (ваканция) базасы бар ашық компьютер болуы тиіс. Онда жұмыс іздеуші ұсыныстарды өзі қарап, өзі таңдай алады. Қор биржасында әдетте жұмыс мамандықтары бойынша өтініш бергендер көп болады. Ал жоғары білімі бар мамандар үшін лайықты жұмыс табу қиынырақ. Бірақ, еңбек биржасына келіп белгіленбегендер немесе кешігіп келгендер тіркеуден шығып қалады.
Артықшылығы: бәрі ресми және жұмыс іздеуші жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш бере алады, сондай-ақ қарапайым мамандықтар бойынша тегін оқи алады.
Кемшілігі: бос орындарды біркелкі іріктемейді және белгіленуге міндетті түрде уақытында кету керек болады.
HeadHunter-де жұмысты қалай іздеуге болады
HeadHunter сайты бос жұмыс орны мен түйіндемелердің үлкен базасы болып табылады. Күн сайын сайтта 400 мыңнан астам бос жұмыс орны тұрады, ал жұмыс берушілер бір апта ішінде 900 мыңнан астам шақыру жібереді.
HeadHunter-де керекті ұсынысты табуға және оған жауап беруге сүзгі көмектеседі. Олар қаншалықты нақты белгіленсе, неғұрлым қолайлы ұсыныстар шығады. Мұнда үш негізгі сүзгі бар:
1. Қала
Бұл жерде өз қалаңды, қаланы және аймақты немесе жұмыс істеуге барғыңыз келетін жерді, яғни басқа өңірді көрсетуге болады. Сондай-ақ, түйіндемеде «көшуге дайынмын» деген белгі тұрады. Соны белгілесеңіз жұмыс беруші сіздің тұрғылықты жеріңізді өзгертуге дайын екеніңізді түсінеді.
2. Жұмыспен қамту түрі
Егер сізге тек икемді кесте бойынша жұмыс керек болса – басқа ұсыныстарды сүзіңіз. Себебі, толық уақытта жұмыс істейтін қызметкер іздеп жүрген басшылар осы параметрді көрсетеді.
3. Жалақы
Өз қалаңыздағы жалақы деңгейін және сіздің қызметіңіздегі адамдардың қанша алатынын тексеріңіз. Өз сұранысыңыз бойынша бос жұмыс орындарын қараңыз. Сонда өз деңгейіңіздегі мамандар үшін орташа нарықтық жалақының қанша екенін біле аласыз. Егер сіз жоғары жалақы төлейтін ұсыныстарды іздесеңіз, бос орындарды келесі параметр бойынша сүзіңіз.
Сіздің түйіндемеңіз сайтқа енгізілген кезде, жүйе автоматты түрде нұсқаларды өзі ұсынады. «Менің түйіндемем» бөлімінде «сәйкес жұмыстар» батырмасы бар. Бұл саралау жүйесі және ақылды іздеу тәсілі арқылы таңдап алынған ұсыныстар. Түйіндемеде ақпарат неғұрлым дәлірек және нақты болса, ол неғұрлым сізге керек бос жұмыс орындары туралы ұсыныстарды көрсетеді.
Stan.kz