» » “Қазпоштаның” бұрынғы қызметкері мекемеден 13 миллион теңге ұрлап, артынан оны өртеп жіберген

“Қазпоштаның” бұрынғы қызметкері мекемеден 13 миллион теңге ұрлап, артынан оны өртеп жіберген

ШҚО-да “Қазпоштаның” бұрынғы қызметкері күллі ауылдың тұрғындарын зейнетақы мен жәрдемақысыз қалдыра жаздады. Ол мекемеден 13 жарым миллион теңге ұрлап, мекемені өртеп жіберген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды


Үржар ауданындағы “Қазпоштада” жұмыс істеген 23 жастағы ұры қолға түсті. Техникалық қызметкер ретінде қызмет еткен ұры үшін банкоматты ашу қиынға соқпаған. Ол тұтқындалмай тұрып, бір күннің ішінде өзін миллионер сезініп үлгерген.

Тіпті, жиырма төрт сағаттың ішінде екі миллион теңгені жаратып тастаған. Қалған 11 миллион теңгені ұры жұмсай алмады. “Қазпоштаның” бұрынғы қызметкері осы қылмысы үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Қазпоштаға 200-і бабтың негізінде түсініктеме жіберіледі. Себебі, 2018 жылы “Қазпоштада” осындай он бір ұрлық болған”, — дейді ШҚО-дағы полиция департаментінің, қылмыстық басқармасының жетекшісі Нұркен Көпжасаров.

 
Stan.kz 
21 ақпан 2019 ж. 463 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30