» » Балабақша қожайыны сотталды

Балабақша қожайыны сотталды

Қарағандыда балабақша қожайыны сотталды 30-ға жуық адамнан алаяқтық жолмен ақша алып, тақырға отырғызған жеке балабақша қожайыны сотталды. Мектепке дейінгі мекемені гүлдендірем деп елдің 47 миллион теңгесін жоқ қылған Анна Богатова 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
   Дәлірек айтсақ, Анна Богатованың сөзіне айрандай ұйыған ата аналар оған кемі 1 миллион теңгеден қарыз беріпті. Арасында, оның қолына 3-4 миллиондап ұстатқандары да бар екен. Қарыз бергендердің балаларын мектепке дейін тегін тәрбиелеуге уағдаласыпты. Алайда, ақшаны қайтаратын уақыт таяғанда кәсіпкер түрлі сылтаумен уақыт созып жүріп алған. 

  Ақыр аяғында оған қарасты қаладағы 4 балабақша да жұмысын тоқтатыпты. Сөйтсе ол ғимараттардың жалдау ақысын төлемеген екен. Күдікті бизнестегі серіктесі алдап соғып, қарызға белшесінен батырып кеткенін айтып ақталған. Дегенмен судья оған елдің ақшасын қайтаруды міндеттеп, 5 жыл жаза кесті.    Дарья Шахова зардап шегуші: - Маған 1 миллион теңге қарыз. Қарызды қайтарратынына сенімім аз. Өйткені 50 миллион теңгеге жуық ақшаны төлеу мүмкін емес сияқты меніңше. Бірақ бас бостандығынан айырылғаны дұрыс болды. Өзіне де, өзгеге де сабақ.  

ktk.kz
01 желтоқсан 2018 ж. 668 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30