» » АУДАННЫҢ БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

АУДАННЫҢ БІЛІМ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ


  Ауданда болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Жалпы, білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді. ҰБТ қорытындысымен екі жыл қатарынан облыс бойынша бірінші орынды иеленді. 2017 жылы да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады. 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 293 оқушы аяқтаса, оның 215-і тестілеу пунктінде тест тапсырған. Бітірушілердің 192-і жоғары оқу, 89-ы арнаулы оқу орындарына оқуға түсті.
Жалпы, аудан бойынша 39 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (780 бала), 16-і жеке балабақшалар (1061 бала) және 13-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (315 бала). Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған бала саны 2156.
2017 жылға 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізуге міндеттеме толық орындалды. Тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында үстіміздегі жылы облыстық бюджет есебінен 50,0 млн. теңге қаржы қаралып Мәдениет елді мекенінде 90 орындық балабақша құрылысы басталды.
2017 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында ауданда Мәдениет ауылынан «Жанайым» 50 орындық жеке балабақша, кент орталығынан «Інжу бөбек» 60 орындық жеке балабақша және Таң ауылынан «Таң бөбегі» 90 орындық жеке балабақша ашылды. 
Облыс әкімінің 2017 жылғы 11 шілдедегі №831 «Коммуналдық мемлекеттік мекемелер құру туралы» қаулысымен «Жалағаш ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ашылды. Бүгінгі күнге 22 балаға жеке даму бағдарламасы жасалынып, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап түзету жұмыстары жүргізілетін болады. 
Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен мектептерді 11 дана жаңа модификациялық физика, химия, биология кабинетімен жабдықтау жоспарланып отыр.
01 ақпан 2018 ж. 1 007 0